Денсаулық сақтау министрі жедел жәрдем қалай жұмыс істейтінін түсіндірді
Жарияланған күні:
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жедел медициналық жәрдем қызметінің жұмысында өзгерістер болатынын айтты. Бұл туралы хабарлайды NUR.KZ.
"Бастапқыда бұйрықтың жобасы шықты. Ол өзгеріске ұшырамады және жедел медициналық жәрдем қызметі бұған дейін қалай жұмыс істесе, сол қалпында қала береді. Яғни, 24/7 режимде, 1, 2 және 3 шұғыл санаттарға қызмет етеді", - деді ол.
Тек 4-ші кезек күттірмейтін санаттағы жұмыс тәртібін қайта қарау ұсынылады.
"Бұл қызметтерді емханалар көрсететін. Бүгінгі таңда сарапшылар медициналық көмектің қолжетімділігін, жылдамдығын қамтамасыз ету, жедел медициналық жәрдем станциясында түнгі уақытта жедел медициналық көмектің 4 санатын беру, ал емхана жағдайында жұмыс уақытын 08:00-ден 20:00-ге дейін және сенбі күндері қалдыру ұсынылады. Сағат 20:00-ден кейін адамдар жедел жәрдемге барып, осы көмекті ала алады. Жоба әлі бекітілмеген, тек "Ашық НҚА"-да талқылау аяқталды, бірақ ол әлі бекітілмеген", - деді денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.
Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл медициналық көмек көрсету ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген қаулы жобасын әзірлегенін жазған едік. Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
Кейін жедел жәрдем қызметіне қатысты халық арасында түсінпеушілік туғандықтан, ДСМ өкілдері жедел жәрдем қызметіне енгізілетін өзгерістерге пікір білдірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2180781-densaulyq-saqtau-ministri-zhedel-zhardem-qalai-zhumys-isteitinin-tusindirdi/