Бадам сусынының ағзаға берер әсері және оның құрамы қандай
Жарияланған күні:
Жаңғақ негізіндегі сусындардың қандай пайдасы бар? Бұл туралы толығырақ "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің сарапшысы әңгімелейді.
Бадам негізіндегі сусын ағзаға оңай сіңеді. Өйткені оның құрамында сүт протеині – казеин жоқ.
Бұл ақуыз жас кезде оңай сіңеді, бірақ жас ұлғайған сайын оның ағзаға әсері кері болады. Кері әсері ретінде іштің кебуі, жүректің айнуы, ауырлық сезімі және аллергия пайда болуы мүмкін.
Бадам сусынының құрамында сиыр сүтінде кездесетін күшті аллерген – лактоза жоқ. Айта кетейік, оған деген реакция ауыр улану белгісіне ұқсайды.
Ұлытау өңірі бойынша Ұлттық сараптама орталығы Ресейдің "Торговый дом РКС" ЖШС шығарған "Миндального напитка 137 Degress без сахара" банкісін зертханада тексерді.
"Банкідегі өнімнің көрсеткіштері МемСТ/ГОСТ 33824-2016 бойынша ауыр металл тұздарының нормасынан аспайды. Бірақ, мемлекеттік тілде таңбалама жоқ. Бұл ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының 25-бабын бұзу болып табылады", – деп түсіндірді сарапшы Жанна Биятан.
- Қазір барлық заңбұзушылықтарды зертханада тіркейміз. Егер санитарлық нормалар бұзылса, өндіруші кәсіпорынға әкімшілік айыппұл салынады. Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" кодексінің 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамалық нормаларды, гигиеналық нормативтерді, сондай-ақ техникалық регламенттерді бұзғаны үшін айыппұл салынады. жеке тұлғалар үшін – 30 АЕК, лауазымды тұлғалар, шағын кәсіпкерлік немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін – 230 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 310 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 1600 АЕК.
Оқырмандар үшін анықтама:
Сусын екі негізгі құрамнан: бадам және судан тұрады. Өндірісте термиялық өңдеуден өтпейтін шикі бадам қолданылады. Қоректік заттар толығымен сақталады.
Бадам сусынының құрамын қарастырайық.
100 мл өнімге шаққандағы энергетикалық құндылығы:
- калория мөлшері – 51;
- майлар – 53,7 г;
- ақуыздар – 18,6 г;
- көмірсулар – 13 г;
- жасұнық – 2,5 г.
Сусынның құрамында дәрумендер: A, C, D, E, B тобы бар. Сүт: калий, мыс, темір, магний, натрий, йод, фосфор, мырыш, кальций, фтор, күкірт және марганец сияқты микро және макроэлементтерге бай.
Соңында айтарымыз, ашылған банкіні тоңазытқышта 5 күннен артық уақыт сақтамау керек.
Партиясыз айран
Сарапшылар мен микробиологтар сәйкес келмейтін сүттің тағы бір партиясын анықтады. Толығырақ "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің өкілі Жанна Биятан біліп берді.
Биылғы жазда Ұлытау өңірі бойынша Ұлттық сараптама орталығы "Сут Жагасы" ЖШС шығарған "Турецкий айран" кисломолочный продукт" сусынының үлгісіне зертханалық зерттеу жүргізді. Белгілі болғандай, қаптамада партия нөмірі көрсетілмеген.
"Сусын мемлекеттік тілде таңбаланбаған", – деп қосты Жанна.
Сарапшының айтуынша, Қазақстанда заңнамалық база мен санитарлық нормаларды бұзғаны үшін елеулі айыппұлдар қарастырылған:
- Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" кодексінің 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамалық нормаларды, гигиеналық нормативтерді, сондай-ақ техникалық регламенттерді бұзғаны үшін айыппұл салынады. Жеке тұлғалар үшін – 30 АЕК, лауазымды тұлғалар, шағын кәсіпкерлік немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін – 230 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 310 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 1600 АЕК.
Маманның кеңесі:
- Сатуға арналған сүт өнімдері сусынның және оның құрамдас бөліктерінің бүкіл жарамдылық мерзімі бойына тұтынушылық қасиеттерінің сақталуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қаптамаға салынуы тиіс екенін ескеріңіз.
- Сүт өнімдеріндегі улы элементтердің, потенциалды қауіпті заттардың, микотоксиндердің, антибиотиктердің, пестицидтердің, радионуклидтердің, микроорганизмдердің, тотығу бұзылу көрсеткіштерінің мәндері КО "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 021/2011 ТР № 1-4 қосымшаларында және КО "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 033/2013 ТР № 4 қосымшасындағы белгіленген деңгейден аспауы тиіс.
- Тауарлардың жекелеген түрлерiн өткiзу қағидаларында сатушының сүт және құрамында сүт бар өнiмдердi басқа тамақ өнiмдерiнен көрнекі түрде бөлуге мүмкiндiк беретiндей орналастыру мiндетi белгiленедi. Сондай-ақ олар "Сүт майын алмастырғышсыз өнімдер" ақпараттық жазбасымен бірге жүруі тиіс.
- Сүт өнімдерін таңдағанда, ең алдымен, затбелгісін оқып шығу керек, онда сатып алушыға қандай сүт ұсынылатыны көрсетілуі керек.
Оқырмандарға арналған анықтама:
Айран Кавказ, Балқан және Таяу Шығыс халықтары арасында кеңінен танымал болды. Мысалы, Әзірбайжанда айран қою қатықтан, ал Болгарияда арнайы болгар йогуртынан немесе бізге "Мечниковтың қатығы" деген атпен белгілі "кисель млякадан" танылды, бірақ екі жағдайда да сергітетін сусын алу үшін сумен араластырылады. Айранның отанында олар оны осылай ішеді, онымен бірге шелпек жейді, ал Болгарияда оны ракиядан кейін ішеді. Ол шөлді тамаша басады, ыстықта ағзадағы микроэлементтердің тепе-теңдігін қалпына келтіруге көмектеседі, асқынудың алдын алады және қажет болған жағдайда оның белгілерімен күреседі.
Айранның түрлері
Көбінесе айранның түрлері оның майлылығына байланысты болып келеді. Сатылымда майы аз өнім (майлылығы 0,5%-дан аз), 1 пайыз және майлылығы 1,7-1,8 пайыз.
Газдалған түрік айрандары бар, олар да "халал" сертификатының талаптарына сай шығарылады. Мұндай ашытылған сүт өнімдерінің құрамында "енгізілген бөгде заттар болмауы керек". Бұл іс жүзінде өнімде бөтен тағамдық қоспалар жоқ, табиғи сүттен жасалған, ал сүт беретін сиырлар табиғи жеммен өсіріледі деген сөз.
Осыған ұқсас сұрақтар бойынша Instagram OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/ сілтемесі немесе 87054222739 телефоны арқылы хабарласуға болатынын ескертеміз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2180990-badam-susynynyng-agzaga-berer-aseri-zhane-onyng-quramy-qandai/