Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ Қаржы министрлігі қазақстандық компанияны Қытай арқылы Ресейге станок тасымалдады деп айыптады

Жарияланған күні:

Читать на русском
АҚШ туы
Көрнекі фото: pixabay.com

АҚШ-тың Қаржы министрлігі қазақстандық компания ресейлік әскери секторға технология мен құрал-жабдық жеткізуге көмектескенін мәлімдеді. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"АҚШ-тың Қаржы министрлігі Ресейге соғыс машинасын қолдауға өте қажет озық технологиялар мен жабдықтарды жеткізуге қатысы бар 275 жеке және заңды тұлғаға санкция салды", - делінген ведомствоның ресми сайтындағы ақпаратта.

Ведомство Қытайда, Үндістанда, Тайландта, Түркияда және басқа да елдерде орналасқан жеке және заңды тұлғаларға санкция салған.

Бұған қоса хабарламада Сергей Ушконың компаниясы – "Технология развития открытых систем" ЖШС-нің станоктарды сатып алу схемасы туралы айтылған. Кәсіпорын металл өңдеу жабдықтарын шығарумен және станоктарды көтерме сатумен айналысады. Бұл схемаға қазақстандық компанияның да қатысы бар екені мәлім болды.

"Сергей Ушко мен Александр Ушко (ұлы – ред. ескертпесі) Ресейге заманауи станоктарды тасымалдау мақсатында Орталық Азиядағы бірнеше делдалды пайдалану үшін өз әрекеттерін үлестес тұлғалармен – Ресей азаматтары Игорь Владимирович Хоменкомен және Татьяна Валентиновна Хоменкомен үйлестіреді.

Өзбекстанның Uzstanex жауапкершілігі шектеулі қоғамдастық пен қазақстандық Kazstanex Еуропадан станоктар партияларының номиналды алушылары ретінде әрекет етеді, содан кейін оларды Ресейге жеткізу үшін Қытайда орналасқан Shanghai Winsun Imp and Exp Co Ltd (Shanghai Winsun) компаниясына жібереді", - делінген хабарламада.

Редакция түсінік алу үшін Ұлттық экономика министрлігіне сауал жолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2181338-aqsh-qarzhy-ministrligi-qazaqstandyq-kompaniiany-qytai-arqyly-reseige-stanok-tasymaldady-dep-aiyptady/