Министр Жақыпова неге люкс киім киіп, шетелде демалмайтынын түсіндірді
Жарияланған күні:
Еңбек министрлігінің басшысы неліктен люкс киімдер кимейтінін және шетелге демалуға бармайтынын айтты. Светлана Жақыпова әдеттегі қазақ шенеунігі туралы қағидаларды қалай бұзғанын айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Министр Светлана Жақыпова NUR.KZ тілшісіне берген эксклюзив сұқбатында отбасындағы тәрбие әлеуметтік әділеттік қағидасына негізделгенін атап өтті.
"Мені солай тәрбиелеген. Оқушы кезімде жақын маңда анам басқаратын мектеп болса да, аудан орталығындағы мектепке барып оқитынмын. "Неге анамның мектебінде оқымаймын?" деп сұрағанымда, әкем: "Ешкім саған баға қойып бермеуі үшін өзің еңбектеніп, оқуың керек" , - деді. Әркез солай болатын", - дейді Жақыпова.
Ол көп нәрсе адамның жеке құндылықтарына байланысты екенін тілге тиек етті.
"Әрине, шетелде демала алатындай жеткілікті табыс табамын, алайда әр адамның өз құндылықтары бар ғой. Мен үшін жақындарым мен туыстарым маңызды. Табысымыздың бір бөлігін қайырылымдылыққа, жақындарымызға көмектесуге және қажет кезде өзімізге жұмсаймыз", - деп атап өтті министр.
Айта кетейік, бұған дейін еңбек министрлігінің басшысы Светлана Жақыпова Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры желі бойынша жаппай тексерулер жүріп жатқаны туралы ақпаратты растаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2181599-ministr-zhaqypova-nege-liuks-kiim-kiip-shetelde-demalmaitynyn-tusindirdi/