Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қарағанды ​облысының әкіміне сөгіс жариялады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ермағанбет Бөлекпаев
Ермағанбет Бөлекпаев президенттің қабылдауында. Фото: aqorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды ​​облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевқа сөгіс жариялады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook-тегі парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев жылыту маусымына дайындық жұмыстарына тиісінше бақылау жасамағаны үшін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа сөгіс жариялады

Еске салсақ, бұған дейін Қарағанды облысындағы Саран қаласында қала тұрғындары әлеуметтік желіде жылусыз отырғанын айтып, шағымданған еді. Кейін Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов осы мәселеге қатысты видеоүндеу жолдады.

Үкімет отырысында осы мәселе кезектен тыс көтеріліп, премьер-министр Олжас Бектенов қаладағы жағдай бойынша тексеріс жүріп жатқанын, тексеру нәтижесі бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберілетінін айтты.

Ал 16 қазанда Сарандағы үйлерді мамандар қайтадан ескі қазандықтарға қосып жатқаны мәлім болды.

28 қазанда қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін, атап айтқанда, жылыту маусымына дайындықты жеткіліксіз түрде бақылағаны үшін Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов пен Қарағанды облысының энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Тілектес Досаев қатаң сөгіс алғаны, ал облыс әкімінің бірінші орынбасары Азамат Тайжановқа ескерту түрінде тәртіптік жаза жарияланғаны мәлім болды.

29 қазанда жылыту маусымына дайындық кезеңінде олқылық жібергені үшін Саран әкімі қызметінен босатылды.

Айта кетейік, Еркін Баулықов бұл қызметке 2023 жылғы 21 қыркүйекте тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2181627-toqaev-qaragandy-oblysynyng-akimine-sogis-zhariialady/