Қарағандыда жаңа төселген асфальт бір айдан соң жарамсыз болып қалды (видео)
Жарияланған күні:
Қарағандыдағы 18-шағын аудан тұрғындары абаттандыру жұмыстарының сапасыз жүргізілгеніне шағымданып, жарамсыз болып қалған асфальтты қайта жөндеуді сұрады. Бұл туралы облыстық бірыңғай үйлестіру орталығына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Қарағанды облысының Бірыңғай үйлестіру орталығының Instagram-дағы ресми парақшасында пайда болған ақпартқа сәйкес, тұрғындар құзырлы органдарға шағым түсірген.
"Бір ай бұрын абаттандыру бағдарламасы бойынша 18-шағын ауданда №4, 5, 6 үйлердің аулаларында бізге асфальт төселді, ол қазірдің өзінде жарамсыз болып қалды. Осы учаскені қайта құруды сұраймыз", - дейді жергілікті тұрғындар.
Қарағанды облысының бірыңғай үйлестіру орталығы өтініштің тиісті органдарға жіберілгенін атап өтті.
"Майқұдық тұрғындарының өтініші тіркеліп, хаттамаға алынды және атқарушы органға берілді", - деп нақтылады ұйым өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2181755-qaragandyda-zhanga-toselgen-asfalt-bir-aidan-song-zharamsyz-bolyp-qaldy-video/