jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Шарын шатқалында таутеке мен түлкі фототұзаққа түсіп қалды (видео)

Тауешкі
Тауешкі. Видеодан кадр: instagram.com/qazaqormany

Шарын ұлттық табиғи саябағында таутеке мен түлкі камераға түсіп қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында сүтқоректілердің биоалуантүрлілігін зерттеу мақсатында фототұзақ құрылғылары орнатылды.

"Бұл құрылғылар жануарларды бақылау және есепке алу үшін өте тиімді құрал. Бұл кадрлар 2024 жылы Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзақтар арқылы түсірілген. Видеода Қазақстанның таулы аймағындағы жануарлар – таутеке мен түлкінің суреттері келтірілген", - делінген жазбада.

Айта кетейік, қазан айының басында "Көлсай көлдері" ұлттық саябағында қар барысының ұрғашысы және оның бір жасар аланы фототұзаққа түсіп қалған еді.

Шарын шатқалында таутеке мен түлкі фототұзаққа түсіп қалды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.