Елімізде қарашаның басында күн күрт суытады
Жарияланған күні:
Синоптиктер алдағы демалыс күндерге, яғни 2-4 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бірқатар өңірде күн күрт суытады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Метеорлогтрадың мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
Атап айтқанда, жауын-шашын (жаңбыр мен қар түрінде), тек 2-3 қарашада елдің оңтүстік-шығысында, 3-4 қарашада шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республика бойынша батыс, солтүстік-батыс, оңтүстік өңірлерде тұман түсіп, солтүстікте, орталықта екпінді жел, көктайғақ болады деп болжанды
Республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде күн суытады. Ауа температурасы түнде 0...-7 градус аяз, күндіз -2...+5 градус аралығында болады.
Елдің орталығында, шығысында ауа температурасы түнде 0...+8 градус жылы, күндіз +8...+13 градус жылы болса, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде +3...+13, күндіз +15...+22 градус жылы болуы ықтимал.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2181839-elimizde-qarashanyng-basynda-kun-kurt-suytady/