LRT құрылысына байланысты Астанадағы орталық даңғылдың бір бөлігі толығымен жабылады
Жарияланған күні:
Читать на русскомЕртең, 3 қарашада LRT уақытша тіректерін демонтаждау жұмыстарына байланысты Мәңгілік Ел даңғылының бір бөлігі бір тәулікке жабылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық тасымалдау компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.
"3 қарашада сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін № 12, 15, 15 А, 18, 19, 21, 32, 35, 43, 46, 50, 55 А, 55 Б, 61, 70 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.
Себебі, LRT эстакадасының уақытша металл тіректерін демонтаждауға байланысты, Мәңгілік ел даңғылы бойында Сығанақ көшесімен қиылысында қозғалыс жабылады", - делінген хабарда.
CTS компаниясы уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, сапарларды алдын ала жоспарлауға шақырады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2182100-lrt-qurylysyna-bailanysty-astanadagy-ortalyq-danggyldyng-bir-boligi-tolygymen-zhabylady/