jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

LRT құрылысына байланысты Астанадағы орталық даңғылдың бір бөлігі толығымен жабылады

LRT тіреуіштері
LRT тіреуіштері. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ертең, 3 қарашада LRT уақытша тіректерін демонтаждау жұмыстарына байланысты Мәңгілік Ел даңғылының бір бөлігі бір тәулікке жабылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық тасымалдау компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.

"3 қарашада сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін № 12, 15, 15 А, 18, 19, 21, 32, 35, 43, 46, 50, 55 А, 55 Б, 61, 70 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.

Себебі, LRT эстакадасының уақытша металл тіректерін демонтаждауға байланысты, Мәңгілік ел даңғылы бойында Сығанақ көшесімен қиылысында қозғалыс жабылады", - делінген хабарда.

CTS компаниясы уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, сапарларды алдын ала жоспарлауға шақырады.

LRT құрылысына байланысты Астанадағы орталық даңғылдың бір бөлігі толығымен жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.