Құрамы таза консервіленген етті қалай дұрыс таңдауға болады
Жарияланған күні:
Құрамында нағыз еті бар консервілерді қалай таңдауға болады? Олар халық арасында "бұқтырылған ет" деп аталады.
Бұқтырылған тағам – қарапайым, сонымен қатар әртүрлі тағамдарды тез және оңай дайындауға болатын бірегей ет өнімі. Ет кесектерінен тұратын консервілер немесе банкілер көп елде жақсы танымал және халық жақсы көреді. Бірақ жақсы бұқтырылғанын қалай таңдауға болады? Өйткені, бұл жеңсік еттің құрамында әдеттегі ет, май және хош иісті дәмдеуіштерден бөлек өте күмәнді компоненттер де болуы мүмкін.
Ет сарыны емес
Бұқтырылған сиыр етіне тағайындалған ет түрі мен ассортимент нөмірі 1 екеніне қарамастан, құрамынан кейбір басқа жануарлардың ДНҚ-сын алуға болады. "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің сарапшысы Жанна Биятан "бұқтырудың" барлық қыр-сырын былайша әңгімелейді:
"Ет консервілері. Бұқтырылған ет. Техникалық шарттар" МемСТ 32125-2013 сәйкес, бұқтырылған етті дайындау кезінде шикі ет – "Бұқтырылған жылқы жоғарғы сорт" консервілерін өндіру үшін 6 %-дан аспайтын және "Бұқтырылған жылқы, бірінші сортты" консервілерін өндіру үшін 14 %-дан аспайтын майдың массалық үлесі бар бірінші және екінші санаттағы кесілген жылқы еті. мен дәнекер ұлпасы пайдаланылады".
Қазіргі уақытта біздің ұйым "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармсы Медициналық орталығы жанындағы Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК көмегімен өнімнің белгілі бір рейтингін құрастырды. Яғни, "Жасырын сатып алу" әдісі бойынша оннан астам ет өнімдерінің сынамалары зертханаға тапсырылды. Біздің сондағы білгеніміз – таңдай қақтырды. Рет-ретімен бастайық:
Петропавл қаласында сатып алынған "Курганский мясокомбинат "Стандарт" өндірген "Халал" бұқтырылған жылқы еті консервісінде № 837/592 тамақ өнімдерін зерттеу хаттамасына сәйкес (өндірілген күні 23.12.2023 ж., жарамдылық мерзімі 23.12.2026 ж.) шикізат құрамы бойынша сәйкессіздік анықталды. "DNA Animal Ident Pig HS" жоғары сезімтал сынақ жинағын қолдана отырып жүргізілген зерттеуде өнімнен доңыз ДНҚ-сы табылды.
Сонымен қатар өндіруші өз өнімдерін жарнамалағанда "Өнімнің халал талаптарына сәйкестігі құрамына енгізілген ингредиенттердің ең жоғары сапасын және тұтынуға тыйым салынған компоненттердің жоқтығын растайды. Жылқы етінің артықшылығы – оның гипоаллергенділігінде, майдың төмендігінде және аминқышқылдарының құрамында тамаша теңдестірілген ақуыздың болуында" деп сендіреді.
Дегенмен, зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша, хаттамада мақсатты компонентке қатысты үлгідегі доңыз ДНҚ туындысы болып саналатын материалдың анықталғаны көрсетілген.
Әдетте"халал" мәртебесін алу үшін өнім көптеген сынақ сатыларынан өтеді, оның құрамында доңыз етінен және оның кез келген туындыларынан алынған мұсылмандар үшін тыйым салынған ингредиенттер болмауы керек.
Өнімді халал деп жариялау, бірақ оған доңыз етін қосу өндірушілер тарапынан адалдық болып табылмайды.
Сараң сиыр еті, тұзды ДНҚ
Балаларға арналған тақпақтар ет консервілерінің кейбір түрлері үшін жалпы әңгімеге айналды. Сіз өзіңіздің сүйікті тағамыңыздың бір тілімін ғана емес, сонымен бірге басқа жануардың да ДНҚ-сын жейтініңіз турлы ойлап па едіңіз? Мысалы, сіз жылқы етін бұқтырып жегіңіз келді делік. Сонда сыйлыққа сиыр еті немесе доңыз етінің ДНҚ-сын алатын болғаныңыз ғой?
Бұқтырылған ет – тез және оңай әзірлетін, бүкіл ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда танымал болған жеңсік ас. Петропавл қаласында сатып алынған "Ұлан" жылқы етінің бұқтырмасы" (өндіріс мерзімі 19.05.2024 ж., жарамдылық мерзімі 19.05.2027 ж.) ет жегіштер үшін ғана емес, сонымен қатар "қоғамдық зертхана" сарапшылары үшін де тосынсый болды.
"Сынама талдауы көрсеткендей, №837/599 зертханалық зерттеу хаттамасына сәйкес, ет өнімінен сиыр етінің ДНҚ-сы табылған, ол жайында өндіруші затбелгіде көрсетпеген. Бұл өндірістік бақылаудың жеткіліксіздігін және өнім өндіру технологиясының бұзылуын, сондай-ақ өндірушінің өнімнің өзіндік құнын төмендете отырып, жылқы етінің бұқтырмасына сиыр етін қосу ықтималдығын көрсетуі мүмкін", – деп атап өтті қоғамдық бірлестік өкілі.
Жанна Биятанның айтуынша, импортталатын және сатылатын азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі осы сияқты мониторингке айтарлықтай тәуелді. Өйткені әлемдегі ең жақсы сынақтар мен жабдықтарды қолданатын зертханаларда арнайы сараптамаларсыз мұндай ақауларды анықтау өте қиын.
Біздің еліміздің заңнамасын бұзғаны үшін елеулі айыппұлдар қарастырылған:
- Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" кодексінің 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес, халықтың әл-ауқаты мен санитарлық-эпидемиологиялық саласындағы заңнама, сондай-ақ гигиеналық нормативтер, техникалық регламенттер талаптарын бұзғаны үшін жеке тұлғаларға – 30 АЕК, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 230 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 310 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 1600 АЕК айыппұл салынады.
Сондай-ақ қолданыстағы заңнамада тұтынушыны алдау немесе тауардың тұтынушылық қасиетіне немесе сапасына қатысты жаңылыстыру үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Қорытындылай келе, Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы бастаған құқыққорғаушылар аталған өнімдерді өндіруші тарапынан заңбұзушылықтарды жою үшін барлық шараны қолдануды ұсынды.
Сарапшы кеңес береді:
МемСТ бойынша өндірілген ет консервілерін сатып алған жөн. Барлық консервілердің қаптамасында өнімнің техникалық регламенттердің барлық талапқа сәйкес келетінін көрсететін EAC аббревиатурасы (Еуразиялық одаққа мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісі) болуы керек.
Есіңізде болсын, "бұқтырылған ет" – халықтық атау; нағыз ет консервілерінің заттаңбасында "бұқтырылған жылқы еті", "бұқтырылған сиыр еті" немесе "бұқтырылған доңыз еті" деп көрсетіліп, ал құрамында тек ет, тұз және дәмдеуіштер ғана болуы керек. Егер жапсырмада "Бұқтырылған ет" атауы ғана болса, бұл өнімнің тағамдық құндылығы төмен техникалық сипаттамаларға сәйкес өндірілгенін және сапасыз болуы мүмкіндігін білдіреді.
Сондай-ақ өнімді сатып алғанда қаптаманың тұтастығына назар аудару керек. Егер қаңылтыр құтыда шұңқырлар мен зақымдар болса, онда сыртқы көрінісі зақымсыз және ұқыпты басқа өнімді таңдаған дұрыс.
Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындады.
Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді.
Осыған ұқсас сұрақтар бойынша Instagram OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/ сілтемесі немесе 87054222739 телефоны арқылы хабарласуға болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2182535-quramy-taza-konservilengen-etti-qalai-durys-tangdauga-bolady/