Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы жер сілкінісі кезінде дабыл жүйесі неге қосылмады: ТЖД өкілдері жауап берді

Жарияланған күні:

Сирена
Сирена. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Оңтүстік астананың төтенше жағдайлар департаменті өкілдері бүгін, 5 қарашада жер сілкінісі кезінде құлақтандыру жүйесінің неліктен жұмыс істемегенін түсіндірді. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сейсенбі, 5 қарашада Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары жер асты дүмпулерін сезді. Қалада – 3 балл, Талғар мен Есік қалаларында – 4 балл, Алматы облысының басқа елді мекендерінде – 2 баллдан 3 баллға дейін байқалды.

Сонымен қатар азаматтар әлеуметтік желіде телефондарына жер сілкінісі туралы ескертуді барлығы алмағанын айтып шағымдануда. Төтенше жағдайлар департаменті тарату автоматты түрде жүргізілетінін түсіндірді.

ТЖД хабарлау жүйесінің техникалық құралдарының кешені – сиреналар, телерадиоарналарға қосылу, Mass Alert қандай жағдайларда іске қосылатынын айтты.

"Сирена-дыбыстық қондырғылар мен Mass Alert жүйесі магнитудасы 5,5 және одан жоғары сейсмикалық датчиктерден сигнал алған кезде толығымен автоматты түрде жұмыс істейді", - деп түсіндірді Төтенше жағдайлар департаменті.

Еске салайық, Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында жер сілкінгені туралы хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2183105-almatydagy-zher-silkinisi-kezinde-dabyl-zhuiesi-nege-qosylmady-tzhd-okilderi-zhauap-berdi/