jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Ақтауда қатты жел тұрып, ағаштар мен аялдамалар құлады: жарақат алғандар бар (видео)

Ақтауда қатты жел тұрды
Ақтауда қатты жел тұрды. Фото: Lada.kz

Ақтау қаласында күшті желдің салдарынан кейбір тұрғын үйлердің құрылыс материалдары ұшып, тұрғындардың өміріне қауіп төндірді. Сондай-ақ бірнеше аялдаманың шатыры ұшқан. Қатты жел салдарынан Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөліміне түрлі дене жарақатымен 3 адам жеткізілген, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

"Аурухана қабылдау бөлімінің "Жарақат пунктіне" жедел жәрдем көмегімен 2 пациент және өздігінен 1 пациент жеткізілді. Олардың екеуі 1-шағынауданда аялдаманың құлауы салдарынан зардап шеккен. Тағы бір тұрғын әскери бөлімнен келді. Оларды бейінді дәрігерлер қарап, қосымша зерттеу жүргізілуде", - делінген облыстық аурухананың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Дәрігерлердің сөзінше, зардап шеккен азаматтардың жағдайы орташа ауыр.

Агенттік мәліметінше, қатты жел соққан кезде бағдаршамдар өшіп, көшелерде кептелістер пайда болған. Ақтау электр желілері станциясының мәліметінше, жарықтың өшуі МАЭК кәсіпорнының желісінде болды.

Ақтау электр желілері станциясының мәліметінше, қазіргі уақытта электр желесін жөндеу жұмыстары аяқталып, шаһарға жарық берілген.

"5 қарашада сағат 11.29-де күшті желдің салдарынан "МАЭК" ЖШС электр станциясы шиналарынан шығатын жеті кернеуі 110 кВ электр беру желілері және кернеуі 35 кВ үш электр беру желілері ажыраған. Сағат 11.41-де олардың біреуі қосылды. Сағат 11.48–де екіншісі, сағат 12.02-де қалған барлық желілер қосылып, "МАЭК" ЖШС тарапынан электрмен жабдықтау режимі толығымен қалпына келтірілді", - деп хабарлады агенттік Ақтау электр желілері станциясына сілтеме жасап.

Ақтауда қатты жел тұрып, ағаштар мен аялдамалар құлады: жарақат алғандар бар (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.