jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Алматы облысында әскери қызметкер жанып жатқан үйден көршілерін құтқарды

Елжас Жанұзақов
Елжас Жанұзақов. Фото: gov.kz

Күні кеше Алматы облысындағы Еркін ауылында газ жарылып, соның салдарынан жеке тұрғын үй өртенді. Әскери қызметкер көршілеріне көмекке келді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институты дене шынықтыру даярлығы кафедрасының оқытушысы подполковник Елжас Жанұзақов көрші үйдегі газ жарылғанда зардап шеккен отбасына бірінші болып көмекке келді. 

Оқиға Алматы облысы, Талғар ауданы, Еркін ауылында бірінші қарашада сағат 22.40 шамасында болған. 

Сол кеште Елжас Жанұзақов аулаға көмір алуға шыққан. Кенеттен көршілердің үй жағынан жарылысты естиді. Қайғылы оқиға орын алғанын білген куәгер еш ойланбастан отқа оранған үйге қарай жүгіреді.

Жанып жатқан үйдің ішіне жүгіре кірген ол дәлізде жарылыстан соң еденде естен танған көршісін көрді. Ер адамды көшеге алып шығып, оны ауылдастарына табыстайды. 

"Жарылыс толқыны залдың қабырғасын қиратқан. Зардап шеккен отбасының 20 жастағы қызы мен 13 жасар ұлы да құтқарылды. Үйде көмекке шақырған отанасы қалды. Кілемді үстіне жаба сала ол ас үйге беттеді. Елжас көршісін үйіндіден шығарам деп тырмысуы сәтсіз болды. Оның аяғы құлаған үйінді құрсауында қалып қойды. Аяусыз жалын жараланған әйелге көмектесуге мұрша бермеді", - делінген хабарламада.

Батыл құтқарушы өзінің әрекетін батылдық деп санамайды. Ондай сәтте бей-жай қарап тұра алмағанын айтады.

Алматы облысында әскери қызметкер жанып жатқан үйден көршілерін құтқарды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.