jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Облыстардың бірінде мектептер мен колледждердегі сабақтар тоқтатылды

Сынып
Сабаққа келген оқушылар. Фото: KAZ.NUR.KZ/Ардақ Ерубаева

Бүгін, 6 қарашада Маңғыстау облысындағы мектептер мен колледждерде сабақ қашықтан оқытылады. Бұған ауа райының қолайсыздығы себеп болып отыр, деп хабарлайды облыстық білім басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"6 қарашада ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтау, Жаңаөзен қаласының, Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Түпқараған, Мұнайлы аудандарының мектептерінде бірінші ауысымдағы сабақтар қашықтықтан оқыту режиміне ауыстырылды", - делінген хабарламада. Сонымен қатар барлық колледжде сабақтар қашықтан оқыту режиміне көшірілді. Маңғыстау облысының білім басқармасы өкілдері өзгерістер енгізілген жағдайда қосымша ақпарат берілетінін мәлім етті.

Айта кетейік, 5 қарашада Ақтауда қатты жел тұрып, ағаштар мен аялдамалар құлап, бірнеше адам жарақат алып, аруханаға жеткізілгенін жазған едік.

Облыстардың бірінде мектептер мен колледждердегі сабақтар тоқтатылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.