Печенье мен тәтті сусындарды сатып аларда не нәрсеге көңіл бөлу қажет
Жарияланған күні:
Кондитерлік өнімдер дегеніміз – тәтті нандар, бисквиттер, кәмпиттер мен түрлі дәмі мен сеппелері бар печеньелер. Кейде олар "ең тәбетті ашатын ғана емес, сонымен бірге ең сапалы және қауіпсіз тәттілерді қалай таңдауға болады?" деген тақырыпта қызу пікірталас тақырыбына айналады.
"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің сарапшылары Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" РМК-мен бірлесіп Қарағанды қаласында Choco Jart сауда белгісіндегі шоколадты кремі бар печенье үлгілеріне жеке зерттеу жүргізді.
Кедендік аймақ аясында сатылатын кондитерлік өнімдерді таңдағанда немесе сатып алғанда, тек дәміне ғана мән бермей, сонымен қатар біздің елімізде қолданыстағы ережелер мен стандарттарды да ескеруіңіз керек. Атап айтқанда, Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің таңбаламасына қатысты" 022/2011 техникалық регламенті стандартының тізбесі аясында.
2024 жылғы 20 қыркүйектегі №338 хаттамаға сәйкес, жоғарыда көрсетілген үлгіден бұзушылықтар анықталды. "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің сарапшысы Жанна Биятан мұндай күмәнді құрамды сатып алудан қалай сақтануға болатыны туралы кеңес береді:
Choco Jart печеньелерінің бірінші үлгісі сынақтан өту үшін алынды. Шаруашылық жүргізу құқығындағы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы жанындағы "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен бірлесе отырып жүргізілген зерттеу кемшіліктерді анықтап қана қоймай, кондитерлік өнімдер мысалында әрбір тұтынушы бетпе-бет келуі мүмкін негізгі бұзушылықтарды талдауға көмектесті. Олардың бірнешеуі:
- Сақтау шарттары туралы ақпарат жоқ;
- Мемлекеттік және орыс тілдерінде таңбалама жоқ;
- Бірыңғай EAC белгісі жоқ.
Сусындар – күшті де, сөздері – қысқа
2024 жылғы 20 қыркүйектегі № 342 хаттамаға сәйкес, "Напиток Max fly "Sirius" үлгісі де біз қалағандай болып шықпады.
"Қаптамада мемлекеттік тілде ақпарат болған жоқ, - деп түсіндірді қоғамдық ұйымның сарапшысы Жанна Биятан. - ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңның 25-бабы 7-тармағына сәйкес, бір тілде немесе шет тілінде берілген ақпарат – берілмеген деп есептеледі".
Сонымен қатар сақтау шарттары мен біркелкі EAC белгісі болмады. Көптеген қоғам белсенділері мен құқыққорғау ұйымдары өнімнің таңбаламасына назар аударуды ұсынады. Бұл болашақта қауіпсіз және сапалы өнімдерді сатып алудың қарапайым қадамдарын анықтауға көмектеседі.
022/2011 техникалық регламентіне сәйкес, қаптамадағы тамақ өнімдерінің таңбаламасы қосымша ақпаратты, оның ішінде тамақ өнімі өндірілген және сәйкестендірілуі мүмкін құжат туралы ақпаратты, тамақ өнімінің ойлап табылған атауын, тауар белгісіне айрықша құқықтың иесі туралы, тамақ өнімдерінің шығарылған жерінің атауы, лицензиардың атауы мен орналасқан жері, ерікті сертификаттау жүйелерінің белгілерін қамтуы мүмкін.
Жоғарыда келтірілген ақпараттр белгілі бір өнімдердің жарнамасы емес, "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің ақпараттық-түсіндіру жұмысы мақсатында жарияланған.
Тәттілерді таңдауда қателіктер жібермеу үшін сарапшы Жанна Биятанның қарапайым ұсынымдарын орындаңыз:
- Жапсырманы оқыңыз. Ол саналы шешім қабылдауға көмектесетін барлық ақпаратты қамтуы керек.
- EAC белгісінің болуына назар аударыңыз. Бұл өнімнің сапасы мен техникалық регламент талаптарына сәйкестігінің белгісі.
- Құрамы мен жарамдылық мерзімін тексеріңіз. Егер бұл ақпарат жоқ болса немесе күмән тудырса, сатып алудан бас тартқан дұрыс.
- Сақтау шарттары. Бұл аспект тамақ өнімдерінің көпшілігі үшін, әсіресе, тез бұзылатын тәттілер үшін өте маңызды.
- Таңбалама тіліне назар аударыңыз. Қазақстанда сатылатын өнімдер қазақ және орыс тілдерінде таңбалануы тиіс.
- Сатушыға сұрақтар қойыңыз. Егер күмәніңіз болса, сатушыдан өнім құжаттамасын, соның ішінде сәйкестік сертификаттарын сұраудан тартынбаңыз. Сатушылар мұндай ақпаратты беруге міндетті. Сертификаттарды тексеру қызметтерінің бірі – сертификат нөмірін немесе өнім атауын енгізіп, оның шынымен сертификатталғанын және оның өндірушісі кім екенін білуге болатын Ұлттық сертификаттар базасы болып саналады.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жобасы аясында осы материалды дайындаған "МОТҚҚҚ" ҚБ тұтынушылар құқықтарын қорғау тек мемлекеттік органдардың ғана емес, азаматтардың да міндеті екенін еске салады.
Осыған ұқсас сұрақтар бойынша Instagram OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/ сілтемесі арқылы немесе 87054222739 телефоны арқылы хабарласа аласыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2183697-pechene-men-tatti-susyndardy-satyp-alarda-ne-narsege-kongil-bolu-qazhet/