Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәттіні ұнататындарға пайдалы кеңес: печенье мен мармеладты таңдағанда не нәрсеге мән беру керек

Жарияланған күні:

Әр түрлі тәттілер
Көрнекі фото: pixabay.com

Атақты мультфильмде айтатындай, "Маған сеніңіз, бақыт – пирогта емес", бірақ біз бақыт – бүкіл тәтті атаулыда екенін білеміз ғой! Біз десерттерге "жоқ" деп, оны тыя алмаймыз, бірақ біз сізге қанты көп тағамдардан бас тартуды, оларды бал сияқты пайдалы өнімдермен, табиғи жеміс-жидек тәттілендіргіштері бар түрлі пісірілген өнімдермен алмастыруды ұсынамыз. Бұл туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ өкілдері хабарлайды.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Тиімді сатып алу: сарапшылар қаймақты қалай таңдау керегін айтты

"Кейбіреулер десертке печенье, кейбіреулер мармелад жегенді жақсы көреді, ал кейбіреулер тамақтан кейін сағыз шайнағанды жөн көреді. Бүгін біз осы үш өнім туралы айтатын боламыз", – дейді тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі сарапшы Жанна Биятан.

Кім печеньені, үлбіреген немесе үгілмелі күлшені жақсы көрмейді дейсіз? Мармелад – кішкентай кезінен барлығына таныс балалардың сүйікті деликатестерінің бірі. Бұл десерттің шырынды, түрлі-түсті тілімдері балалардың назарын аудармай қоймайды. Сағыздың – ауыз қуысын тазартатын, ауыз қуысы бұлшық еттеріне әсер ететін пайдасы бар. Сілекей бөлуді реттеу арқылы ауыз қуысы жуылады да, тістердің сыртқы беткі жағы тамақ қалдықтарынан тазартылады.

Әсіресе, шетелден әкелінетін өнімдердің құрамы, бояулары және басқа да қасиеттері туралы айтқанда, бұл өнімдердің тәтті дәмі мен тәбетті ашатын сыртқы түрі өнімнің қауіпсіздігіне әркез кепілдік бермейді.

Қазақстанда сатылатын тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі ("МОТҚҚҚ" ҚБ) тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға көмектесетін халық тұтынатын тауарлардың зерттеу нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттандыру негізіндегі мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысты жүзеге асырады.

Биылғы жылы "МОТҚҚҚ" ҚБ әлеуметтік белсенділері мына өнімдердің:

№1 сынама: Ресейде өндірілген "Ванюшкины сладости" ұннан жасалған кондитерлік өнімінің;

№2 сынама: "Burger Soft candy Fruit Flavor" мармелады, шығу тегі белгісіз;

№3 сынама: "Babble gum" сағызы, шығу тегі белгісіз, қауіпсіздігі мен сапасын тексеруге шешім қабылдады.

"Ванюшкина сладость" ұн кондитерлік баспалары, "Burger Soft candy Fruit Flavor" мармелад, "Bubble gum" сағызы
Фото: Биятан Жанна

Сатып алынған өнімдер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Жетісу облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының санитарлық-гигиеналық зертханасына Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкестігіне кешенді зерттеулер жүргізуге тапсырылды.

Сараптама орталығының хаттамалары үш өнімде де микрохимиялық-токсикологиялық көрсеткіштердің қалыпты шектерде екенін анықтады.

КО ТР 022/2011 сай, тамақ өнімдерінің сынамаларын сараптау хаттамаларына сәйкес төмендегідей сәйкессіздіктер анықталды:

№1 сынама: Мемлекеттік тілде дайындалған күні мен таңбаламасы жоқ.

№2 сынама:

  • Өнім атауы жоқ;
  • Тамақ өнімдерінің құрамы көрсетілмеген;
  • Саны (салмағы, массасы) туралы ақпарат жоқ;
  • Сақтау шарттары көрсетілмеген;
  • Өнім атауы жоқ;
  • Тамақ өнімдерінің құрамы көрсетілмеген;
  • КО-ға мүше мемлекеттер нарығындағы өнімдердің ЕАС бірыңғай айналым белгісі жоқ;
  • Мемлекеттік және орыс тілдерінде таңбалама жоқ.

Сондай-ақ КО ТР 005/2011 техникалық регламентіне қатысты сәйкессіздіктер кездесті:

  • Пиктограмма мен таңба (қаптама жасалған материалдың белгісі немесе әріптік белгісі), сондай-ақ Мебиус ілмегі жоқ болды.

№ 3 сынама: КО ТР 022/2011 4-бабы 4.1-тармағы 1-тармақшасындағы "Тамақ өнімдерінің таңбаламасына қатысты" талаптар орындалмаған, сондықтан оным толық бағалау мүмкін емес.

Әлеуметтік жобаның мақсаты – бұл тәттілердің Кеден одағының техникалық регламенті мен Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарына қаншалықты сәйкес келетінін анықтау болды.

Көптеген тұтынушылар бір қарағанда қауіпсіз болып көрінетін өнімге қатысты таңбалама мәселесі соншалықты маңызды емес деп ойлауы мүмкін. "Егер печенье мен мармелад дәмді әрі арзан болса, ал сағыз зиянсыз болса, онда оған соншалықты шүйлігудің қажеті қанша?" – дегендей тәсіл сатып алушылардың көпшілігіне тән. Әйтсе де, құқыққорғаушы-сарапшы Жанна Биятан атап өткендей, бұл мәліметтер тұтынушыны ықтимал қауіптерден қорғайды.

"Сонымен қатар, EAC белгісінің жоқтығы қазірдің өзінде Қазақстан аумағында сатылмауы керек, мұндай өнімдер – жалған өнім болып саналады. Бұл өнімнің барлық сынақтардан өтпегенін және қауіпсіз өнім мәртебесін алмағанын білдіреді", – деп жалғастырды сөзін Жанна Үрмеханқызы.

*Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындады.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша Instagram OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/ сілтемесі арқылы немесе 87054222739 телефон нөміріне хабарласуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2183054-tattini-unatatyndarga-paidaly-kenges-pechene-men-marmeladty-tangdaganda-ne-narsege-man-beru-kerek/