Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелден келген тәттілер несімен қауіпті болуы мүмкін

Жарияланған күні:

Азық-түлік дүкені
Көрнекі фото: ru.freepik.com

Тәттілер алғаш рет қай елде пайда болғаны әлі күнге белгісіз. Кейбіреулер алғашқы кәмпиттер Үндістанда пайда болғанын айтады. Енді бір деректер кәмпиттерді ежелгі Египет өркениетінің өкілдері ойлап тапқанын алға тартады, деп хабарлайды "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі.

Тәттілердің тіске зиян екенін бәріміз де жақсы білеміз. Бірақ бұл сапасыз кәмпиттер мен тәттілер тудыруы мүмкін залалдармен салыстырғанда "түк болмай қалады". "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған тексеріс нәтижесі көрсеткендей, Түркияда өндірілген BEBETO Colamallow.Halal Certifiесed мармеладтары секілді тәттілер қоғам белсенділерінің назарынан тыс қалған жоқ.

Сағыздар " Bebeto Colamallow.Halal Certifieced"
Фото: Биятан Жанна

"Айқайлған, жарқыраған атауына қарамастан, Қарағанды ​​қаласында екі тәтті тағамның данасы әкелініп, "ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қарағанды ​​облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалына сынақтан өткізуге тапсырылды", - дейді қоғамдық бірлестік өкілі Ж.Биятан.

Бірлестік өкілінің айтуынша, жоғарыда аталған тәттілердің қаптамасында мемлекеттік және орыс тілдерінде өндіріс мекенжайы көрсетілмеген. Сонымен қатар жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттары жоқ. Ал тағамдық құндылығы туралы ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылмаған.

"Мемлекеттік тілде ақпарат жоқ. Орыс тіліндегі ақпарат толық емес және оқылуы қиын", – делінген 2024 жылдың 24 маусымындағы №677 хаттамада.

"Ал мұндай заңбұзушылықтарға Кедендік одақ аясында сатылатын өнімдерге жол берілмейтінін білеміз. Сонымен қатар ұсынылған барлық ақпарат қазақ және орыс тілдерінде болуы керек. ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңның 25-бабы 7-тармағына сәйкес, бір тілдегі немесе шет тіліндегі кез келген мәтін – ұсынылмаған болып саналады", - деп қосты Ж.Биятан.

2024 жылғы 26 маусымдағы №97 басқа хаттамаға сәйкес, кадмий, қорғасын және мышьяк сияқты көрсеткіштер қалыпты.

"Мезофильді анаэробты бактериялар, ашытқы немесе зең анықталған жоқ", - делінген 2024 жылғы 21 маусымдағы № 768 хаттамада.

Осыған ұқсас бұзушылықтар "Конфеты Разноцветное сердечко" деп аталатын екінші үлгіден де табылды. Тексеру нәтижесі көрсеткендей, "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі кәмпиттерден де бұзушылықтар анықтады.

"Конфеты Разноцветное сердечко"
Фото: Биятан Жанна

"Бұл жеңсік дәмнің даналары әкелініп, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қарағанды облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалына тексеруге жіберілді", - дейді қоғамдық ұйымның өкілі Ж. Биятан.

Оның айтуынша, 2024 жылғы 24 маусымдағы №679 хаттамаға сәйкес, тәттілердің қаптамасында өнімнің құрамы көрсетілмеген, мемлекеттік тілде ақпарат болмаған, тағамдық құндылығы мен сақтау шарттары жазылмаған.

"Кедендік одақ аясында сатылатын тауарларға қатысты мұндай бұзушылықтарға жол берілмейді. Сонымен қатар ұсынылған барлық ақпарат қазақ және орыс тілдерінде болуы керек. ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңның 25-бабы 7-тармағына сәйкес, бір тілдегі немесе шет тіліндегі кез келген мәтін – ұсынылмаған болып саналады", – деп қосты Ж.Биятан.

Бірақ қауіпті микробтар мен бактериялар анықталмады. 2024 жылдың 21 маусымындағы №765 хаттамасына сәйкес, "Мезофильді аэробты және факультативті анаэробты, патогенді флора, оның ішінде сальмонелла, БКП (колиформдар), ашытқы және зең мөлшері анықталған жоқ".

Ал 2024 жылдың 26 маусымындағы №106 хаттамасына сәйкес, кадмий, қорғасын және мышьяк сияқты заттар белгіленген көлемнен аспайды және стандартты көрсеткіштерден төмен.

Бұл кеңес беру сипатындағы ақпарат жарнама болып саналмайды. Зерттеу нәтижелері туралы барлық ақпарат "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің келісімімен таратылады.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша Instagram OZPP.KZ сілтемесі – https://www.instagram.com/ozpp.kz/ немесе 87054222739 телефоны арқылы хабарласа алатыныңызды ескертеміз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2183748-shetelden-kelgen-tattiler-nesimen-qauipti-boluy-mumkin/