Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұмыс кестесін ауыстыра алады": министр уақыттың ауысуына қатысты қазақстандықтардың шағымына жауап берді

Жарияланған күні:

Сағат
Сағатқа қараған адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы министрлер кабинетінде өткен брифингте уақыттың өзгеруіне байланысты балалары қараңғыда үйлеріне қайтуға мәжбүр болған ата-аналарға не істеу керектігін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова бұған дейін министрліктің ұстанымын айтқанын еске салды.

"Біз жұмыс берушімен еңбек қатынасы бар қызметкердің жеке жұмыс кестесін құра алатынын айттық. Ол сол кестені балаларды мектептен алып кету үшін өзгерте алады", - деді Светлана Жақыпова.

Министрдің мәліметінше, бүгінгі күні ведомство бірыңғай уақыт белдеуі бойынша шешімді қайта қарау туралы бастамалар беруді жоспарламайды.

Еске салсақ, биыл 1 наурызда Қазақстан бірыңғай UTC +5 уақыт белдеуіне ресми түрде ауысты. Еліміздің бірнеше өңірінде уақыт бір сағатқа артқа жылжыды.

Атап айтқанда, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында жергілікті уақыт бір сағатқа артқа қойылды.

Бұған дейін 2 тамызда Астанада бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петиция бойынша шешімнің жобасын қоғамдық талқылау өтетіні хабарланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2183891-zhumys-kestesin-auystyra-alady-ministr-qazaqstandyqtardyng-uaqyt-auysuyna-qatysty-shagymdaryna-zhauap-berdi/