Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қатты жел салдарынан Астананың кейбір аудандары жарықсыз, ал Павлодар тұрғындары сусыз қалды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Астана
Астана. Көрнекі фото: NUR.KZ

Қатты желдің салдарынан Астананың Алматы және Сарыарқа аудандарында жеке сектор тұрғындары жарықсыз қалды. Қазір елордада электр қуатын беруді қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар Павлодарда ауа райының қолайсыздығынан электр қуатындағы ақауларға байланысты сумен жабдықтау желілеріндегі қысым төмендеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Астана-РЭК" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, екпінді желдің салдарынан тұтынушылардан, негізінен жеке сектордан көптеген шағым түсіп жатыр.

"Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар қызметі Сарыарқа және Алматы (Оңтүстік-Шығыс ықшам ауданы, қаланың оң жағалауы) аумақтарындағы желілерде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қолайсыз ауа райының салдарын жедел жою үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды – 12 жедел және 12 жөндеу бригадасы жұмыс істеп жатыр, 2 арнайы техника жұмылдырылды", - делінген коммуналдық кәсіпорынның хабарламасында.

Компания өкілдері Астананы электрмен жабдықтауды жедел қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

Сонымен қатар Павлодарда да тұрғындар электр қуатындағы ақаулардан су да тоқтаған "Павлодар Су арнасы" ЖШС өкілдері жағдайды түсіндірді. Компания өкілдері Instagram-дағы ресми парақшасында қатты желге байланысты қалада электр қуатында ақау шығып, ол су қысымына әсер етіп отырғанын мәлімдеді.

"Осыған байланысты 2-көтеру стансасында сорғылар қысқа мерзімге тоқтады. Қуатты үнемдеу 5 минутқа өшірілді. Төтенше резерв дереу қосылып, сорғылар қайта іске қосылды. 5 минутта қалада су қысымы төмендеді", - деп түсіндірді "Павлодар Су арнасы" ЖШС өкілдері.

Компания өкілдері қалада 2-3 сағаттан кейін жағдай қалпына келетінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2184423-qatty-zhel-saldarynan-astananyng-keibir-audandary-zharyqsyz-al-pavlodar-turgyndary-susyz-qaldy/