Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды": Астана әкімі қатты желдің салдары туралы айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қарлы боран
Қарлы боран. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек аудан тұрғындарымен кездесуінде қатты жел салдарынан жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланғанын айтты. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әкіммен кездесуде журналистер елордада "бәрі ұшып жатқанын", сондықтан астаналықтар көшеде өз қауіпсіздігіне алаңдайтынын айтты.

"Көріп отырғандарыңыздай, ауа райы бірқалыпты емес. Бүгін тіпті жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды, өйткені бүгін ауа райы күрт өзгерді. Мұндай ауа райында келеңсіз жағдайлар көп болады. Кеше де қатты жел тұрды, алаңдайтын оқиғалар болған жоқ, бірнеше проблемалық жайттар болды.

Мектептердің бірінің төбесіне жартылай зақым келді, қатты жел болды.

Әрине бұйрық берілді, бұған дейін біз қысқа дайындалдық. Барлық құрылыс алаңы, құрылыс қоршаулары, аялдама павильондары толық тексерілді. Бірақ, өкінішке қарай, мұндай жағдайлар болып тұрады. Алаңдайтын ештеңе болған жоқ. Бүгін немесе ертең бәрі қалпына келеді деп ойлаймын. Бірақ құрылыс нысандарының қауіпсіздігі үшін барлық шара қабылданған, егер құрылыс компаниялары тарабынан бұзушылық болса, біз оны қарастырамыз.", - деді әкім Жеңіс Қасымбек.

Сондай-ақ ол тұрғын үй кешендерінің бірінде жабын материалы тұрақта тұрған көлікке құлап кеткенін айтты. Әкімнің айтуынша, бұған құрылыс компаниясы жауапты болады.

Айта кетейік, бұған дейін қатты жел салдарынан Астананың кейбір аудандары жарықсыз қалғанын жазған едік.

Сондай-ақ Астана әуежайында ауа райына байланысты рейстер тағы да кешіктірілгені мәлім болды.

Ауа райына байланысты 7 қарашада Астанада мектеп оқушылары да қашықтан оқытуға ауыстырылды.

Елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері қатты жел салдарынан жарақат алған 140-тан астам адам травматологиялық пункттерге түскенін хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2184549-zhergilikti-denggeidegi-totenshe-zhagdai-zhariialandy-astana-akimi-elordada-bolgan-qatty-zhelding-saldary-turaly-aitty/