jitsu gif branding logo appbranding logo app

Астанада екінші ауысымдағы оқушылар онлайн оқитын болды

балалар компьютермен жұмыс істеуде
Көрнекі фото: pixabay.com

Астанада бірінші ауысымнан кейін екінші ауысымдағы оқушылардың бір бөлігі қашықтықтан оқытуға ауыстырылды. Бұл туралы елорданың білім басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Ауа-райының нашарлауына байланысты 2024 жылдың 7 қарашасында екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшуде", - деп хабарлады Астана қаласының Білім басқармасы Instagram-дағы парақшасында.

Еске салсақ, бұған дейін Павлодарда мектеп оқушылары қашықтан оқытуға көшірілгені туралы хабарлаған едік.

Оған қолайсыз ауа райы себеп болды. Қалада ауа температурасы -1 градус және желдің жылдамдығы 14-25 м/с.

Айта кетейік, 5 қарашада Ақтауда қатты жел тұрып, ағаштар мен аялдамалар құлап, бірнеше адам жарақат алып, аруханаға жеткізілгенін жазған едік.

Сондай-ақ 6 қарашада Маңғыстау облысындағы мектептер мен колледждерде сабақ қашықтан оқытылды. Бұған ауа райының қолайсыздығы себеп болды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.