Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мамандар Павлодарда сұйық май мен "Глаза" мармеладын тексеру кезінде заң талабын бұзу фактілерін анықтады

Жарияланған күні:

Азық-түлік себеті
Көрнекі фото: ru.freepik.com

"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің сарапшылары Павлодар дүкеніндегі ақпараттық баға көрсеткіші мен күнбағыс майының таңбаламасы арасындағы кереғарлық туралы айтты.

Күнбағыс майы – Қазақстанда күнделікті тамақ дайындауда қолданылатын және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өніміне жатқызылған ең қажетті өнімдердің бірі. Оның сапасы мен қауіпсіздігі қазақстандық отбасылардың күнделікті өмірінде маңызды рөл атқарады. "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі ("МОТҚҚҚ" ҚБ) тұтынушыларға тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы ақпарат беріп, тауарлардың сәйкессіздігін анықтап, оны бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлау жұмыстарымен белсенді түрде айналысады.

Күнбағыс майы
Фото: Биятан Жанна

2024 жылдың шілдесінде Павлодардағы дүкендердің бірінде "МОТҚҚҚ" ҚБ құқыққорғаушысының назарына құны 1000 теңге тұратын "Алтай масло жаренных семечок" деп аталатын күнбағыс майы ілікті. Өнімге қызығушылық танытқан қоғам белсендісі майдың Қазақстан мен Кедендік одақ заңнамасында белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін анықтау үшін оны құпия сатып алушы әдісімен сатып алуды ұйғарды.

"Сондай-ақ соған жақын жерде мармеладқа ұқсайтын таңғажайып "Глаза" сатылып тұрды, бұл да көпшіліктің қызығушылығын тудырды, өйткені мен бұрын-соңды отандық сөрелерден мұндай ғажайып "көзді" көрмегенмін", - дейді Жанна Биятан.

Өнімдер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалына сараптамаға жіберілді. Зерттеу нәтижелері 2024 жылдың 17 шілдесіндегі № РО-24-03468/232 хаттамасымен ресімделді.

Сараптама қорытындысы бойынша Алтай майы ("Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы", "Тағам өнімдерінің таңбаламасына қатысты" және "Қаптаманың қауіпсіздігі туралы") Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына қатысты бірнеше өрескел сәйкессіздіктер анықталды:

1. Таңбаламасында:

  • өнімнің атауы, құрамы, саны, жасалған күні және жарамдылық мерзімі;
  • өнімді сақтау шарттары мен тағамдық құндылығы;
  • өндірушінің атауы және оның орналасқан жері туралы;
  • өнімді пайдалану бойынша ұсынымдар мен шектеулер, сондай-ақ ГМО көмегімен алынған компоненттердің бар-жоғы туралы ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде берілмеген;

2. Қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне міндетті тексерулерден өткенін көрсететін ЕАС белгісі көрсетілмеген;

3. Қаптамада пайдаланылған қаптаманы жоюға қатысты пиктограммалар немесе белгілер жоқ. Тұтынушылардың экологиялық қауіпсіздік жайынан хабардарлығына қауіп төндіретін өнімнің қаптамасы материалдарын пайдаға асыру мен тығындау құралдарын дұрыс пайдалануды көрсететін Мебиус ілмегі, сондай-ақ КО ТР 022/2011 4.1-бабы 1-бөлігінде қарастырылған және тамақ өнімдерінің қаптамасындағы таңбаламасында жазылған ақпарат жоқ.

Майға жан-жақты зерттеу жүргізу мүмкін болмады, өйткені санитарлық ережелерге сәйкес кешенді зерттеулер жүргізу үшін өнімнің құрамы туралы кем дегенде біраз ақпарат болуы керек. Бұл жағдайда, суреттен көріп отырғанымыздай, өнім тұтынушыға атаусыз немесе белгілеусіз, "күнбағыс майы" сәйкестендіру белгісімен берілді. Тиісінше, мұндай өнім тек Қазақстан аумағында ғана емес, ЕАЭО елдерінде де сатылмауы керек.

Мармелад "Глаза"
Фото: Жанна Биятан

Келесі өнім – "Глаза" мармелады, өндіруші: "Трофимов В.В" ИП, РФ Алтай өлкесі, Барнаул, қауіпсіз мармелад болып шықты: микробиология, ашытқы, зең, ауыр металдардың тұздары рұқсат етілген және қалыпты деңгейдегі шектеулерден аспады. Дегенмен таңбаламада ГМО көмегімен алынған компоненттердің бар-жоғы туралы ақпаратты көрсетпеген; қаптамада қажетті пиктограммалар мен белгілер, Мебиус ілмегі жоқ, олар жабындарды дұрыс пайдалануды және қаптама материалын қайта өңдеу мүмкіндігін көрсетеді, бұл тұтынушылардың экологиялық қауіпсіздік жайынан хабардарлығына қауіп төндіреді; Сондай-ақ КО ТР 022/2011 4.1-бабы 1-бөлігінде көзделген және тамақ өнімдерінің қаптамасындағы таңбаламаға жазылған ақпараттар мемлекеттік тілде көрсетілмеген.

Импорттаушы Қазақстан Республикасындағы "Тілдер туралы" заңының 21-бабында көрсетілген мемлекеттік тілдегі тауардың таңбаламасын ұсынбаған (арнайы мәліметтері бар тауарлық жапсырмалар (жапсырмалар), шетелде өндірілген тауарларға арналған нұсқаулықтар, таңбаламалар импорттаушы ұйымдар есебінен мемлекеттік және орыс тілдерге аударылады).

"МОТҚҚҚ" ҚБ сарапшылары әсіресе, ерекше қажеттіліктері бар, аллергиясы бар немесе диеталық шектеулері бар тұтынушылар үшін өнім туралы толық ақпарат берудің маңыздылығын атап өтеді.

Сарапшы Алия Алибекова:

"Құрамы мен тағамдық құндылығы туралы ақпараттың болмауы тұтынушыларға өнімнің қасиеттерін түсінуді қиындатады. Бұл әсіресе аллергиясы бар адамдар үшін өте маңызды, өйткені олардың денсаулығына зиян келтіретін ингредиенттері бар өнімдерді сатып алу қаупі бар", - деп атап өтті.

Сонымен қатар бұл техникалық реттеу талаптарын орындамағаны үшін кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

"МОТҚҚҚ" ҚБ құқыққорғаушысы Жанна Биятан:

"Таңбаламаның қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеуі тұтынушыларға ғана емес, кәсіпкерлердің өздеріне де қауіп төндіреді. Мұндай бұзушылықтар үшін айыппұлдар айтарлықтай сомаға жетуі мүмкін, соның ішінде өнімді сатудан алып тастау да мүмкін", - дегенді қосты.

Қазақстан Республиксы "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңына сәйкес өндірушілер мен сатушылар өнім туралы толық және сенімді ақпаратты беруге міндетті, мұндай ақпаратқа қойылатын талаптар техникалық регламенттермен бекітілген міндетті таңбаламаны қамтуы мүмкін және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын бұзу айыппұлдар мен әкімшілік шараларға, оның ішінде өнімге тыйым салуға әкеп соғуы мүмкін.

"МОТҚҚҚ" ҚБ тұтынушыларға тауарлардың таңбаламасын мұқият тексеріп, бұзушылықтар анықталған жағдайда бақылаушы органдарға хабарласу қажеттігін еске салады. Ұйым өз тарапынан Қазақстанда сатылатын тауарлардағы сәйкессіздіктерді анықтау және жою жұмыстарын жалғастыруда.

Отбасыңыздың денсаулығы өз қолыңызда екенін ұмытпаңыз. Өнімдерді ерекше ұқыптылықпен таңдаңыз және сатушыдан өнім туралы толық және сенімді ақпаратты талап етуден тартынбаңыз, бұл сіздің ҚР Заңында бекітілген құқығыңыз.

Күнбағыс майы көптеген қазақстандықтардың рационында маңызды элемент болып табылады. Оның сапасы мен қауіпсіздігі халықтың денсаулығына тікелей әсер етеді. "МОТҚҚҚ" ҚБ тұтынушылардың мүдделерін қорғау және қауіпсіздігін жоғары деңгейде ұстау мақсатында әлеуметтік маңызы бар өнімдерді зерттеуді жалғастыруда.

Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындаған.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2184819-mamandar-pavlodarda-suiyq-mai-men-glaza-marmeladyn-tekseru-kezinde-zang-talabyn-buzu-faktilerin-anyqtady/