jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Елімізде алдағы демалыс күндері қалың қар жауып, көктайғақ болады

Орындықтағы қар
Қар. Фото: NUR.KZ / Әйгерім Асқарова

Алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік циклон әсер етеді. Қалың қар жауып, көктайғақ болып, екпінді жел соғады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік циклон әсер етіп, сондықтан ауа райы құбылып, қар жауады.

Батыс және оңтүстік облыстарда жауын-шашын күтіледі. Жаңбыр жауып, бұрқасын, көктайғақ болады. Республиканың басым бөлігінде екпіні 15-29 м/с жел тұрады.

9 қарашада түнде Қостанай облысында, 10-11 қарашада республиканың шығысында қалың қар жауады.

Республиканың оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +8...+13 градусқа дейін, таулы аймақтарда +5 градусқа дейін көтеріледі.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда күзде ауа райының қандай болатынын айтқан болатын. Қараша айында жалпы Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы өткен жылдармен салыстырғанда төмендейтіні хабарланды. Жауын-шашын мөлшері республиканың барлық дерлік аймақтарында қалыпты деңгейде немесе одан да көп болады деп болжанды.

Елімізде алдағы демалыс күндері қалың қар жауып, көктайғақ болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.