jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте цифрлық технологиялар саласында жаңа идеялар мен жобалар ұсынылды

Shymkent Hub
Shymkent Hub. Фото: instagram.com/ rsk_shymkent

Шымкент қаласында цифрландыру басқармасының ұйымдастыруымен «Цифрлық драйвер» атты форум өтті. Бұл шараға IT саласының жетекші компаниялары, сала мамандары мен сарапшылар қатысып, жақында ашылған Shymkent Hub ғимаратында өз жаңа жобаларын таныстырды. Сонымен қатар форумда Shymkent Hub мүмкіндіктері мен қалада IT саласын дамытудағы жұмыстар кеңінен талқыланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Shymkent Hub – бұл идеяларды жүзеге асыру мен тәжірибе алмасуға арналған алаң. Алғашқы күні қалалық жастар ресурстық орталығында өткен форум бүгін технопаркте жалғасты. Шараның басты мақсаты – цифрлық технологиялар саласында алдыңғы қатарлы идеялар мен тәжірибелерді бөлісу, қаланың IT экожүйесін дамыту, цифрлық сауаттылықты арттыру.

Форумның ашылуында Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов сөз сөйлеп, өңірлік технопаркте тұрақты түрде өтіп жатқан тренингтер мен семинарлардың салаға серпін беріп отырғанын атап өтті. Хабқа келуші тұрғындардың өз идеяларын дамытуға барлық мүмкіндігі бар екенін де айтты.

Іс-шара барысында Huawei technologies, TAP GO, Dahua technology, Alaqan сияқты жетекші компаниялар өздерінің заманауи жобалары мен шешімдерін таныстырды. Форумның негізгі мақсаты – жаңа технологияларды қолдануға ынталандыру, цифрлық трансформация бойынша сарапшылар қауымдастығын құру, IT саласының дамуына қызығушылық танытқан жастар мен кәсіпкерлерді бір алаңда біріктіру.

Шара аясында цифрлық технологиялар саласындағы үздік тәжірибелер мен әдістемелер талқыланып, қатысушыларға IT өнімдер мен жобалар таныстырылды. Әртүрлі танымдық ойындар мен көрмелер ұйымдастырылып, форум қатысушылары цифрлық жаңалықтармен жақын танысу мүмкіндігіне ие болды.

Шымкентте цифрлық технологиялар саласында жаңа идеялар мен жобалар ұсынылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.