jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Қазақстан шекарасында Еуропадан келген алманы заңсыз ұстаған

Піскен алмалар. Көрнекі сурет
Піскен алмалар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстандық кәсіпкерлер Еуропадан әкелінген алмаларды бірнеше күн бойы кедендік рәсімдей алмаған. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, кәсіпкерлер Ауыл шаруашылығы министрлігі енгізген шектеулерге байланысты уақытша сақтау қоймаларында жемістердің тонналап бос жатқанына шағымданған.

Прокуратураның талдауымен министрліктің 31 желтоқсанға дейін алма әкелуге тыйым салатын 2024 жылғы 5 қазандағы бұйрығы тек 8 қазанда күшіне енгені анықталды. Ал, алма тиелген 8 жүк көлігі аталған күнге дейін ЕАЭО аумағына келген. Яғни, кәсіпкерлердің бұл тауарларына шектеу шаралары қолданылмайды.

Көлік прокуратурасы мемлекеттік кірістер комитетіне қадағалау актісін енгізді. Нәтижесінде, кәсіпкерлер уақытша сақтау мерзімі аяқталғанға дейін өз өнімдерін декларациялап, шығынның алдын алды.

Қазақстан шекарасында Еуропадан келген алманы заңсыз ұстаған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.