jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Тұман және көктайғақ: Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Тұман басқан қала
Тұман. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК 9 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

9 қарашада Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады. Екпіні 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 9 қарашада түнде және таңертең Оралда тұман күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады. Күндіз екпіні – 18 м/с.

Петропавлда күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Павлодар қаласында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады. Екпіні 15-20 м/с күтіледі.

9 қарашада Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе қаласында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с болады.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

9 қарашада түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

9 қарашада күндіз Ұлытау облысының оңтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

9 қарашада күндіз Ақмола облысында қар, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын, күндіз бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса болуы ықтимал.

Көкшетау қаласында күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Таңертең және күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында қар, көктайғақ, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың шығысында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

9 қарашада Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, түнде көктайғақ күтіледі.

Тұман және көктайғақ: Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.