Жел мен көктайғақ: Қазақстанның бірқатар аймақтарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Жарияланған күні:
Ертең, 10 қарашада Қазақстанның бірқатар аймақтарында ауа райы нашарлайды деп күтілуде - ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
10 қарашада Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, түнде шығысында, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қ.: 10 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.
Павлодарда 10 қарашада түнде қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Өскеменде 10 қарашада жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 17-22 м/с.
Жезқазғанда 10 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Семейде 10 қарашада таңертең және күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с.
Қарағандыда 10 қарашада кей уақыттарда қатты қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с.
10 қараша түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 10 қараша түнде және таңертең тұман күтіледі.
10 қарашада түнде және таңертең Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде күші 15-20, күндіз 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 10 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.
Петропавлда 10 қарашада бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с.
10 қарашада Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Ақтөбеде 10 қарашада көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
10 қарашада түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Көкшетауда 10 қарашада бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с күтіледі.
10 қарашада түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Ақтау қаласында 10 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
10 қарашада түнде Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Талдықорғанда 10 қарашада оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Қостанайда 10 қарашада түнде бұрқасың, күндіз көктайғақ, бұрқасың күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2185271-zhel-men-koktaigaq-qazaqstannyng-birqatar-aimaqtarynda-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zhariialandy/