Томат соусындағы килька: көпке танымал асты таңдауда не нәрсеге назар аударған жөн
Жарияланған күні:
Томат соусындағы килька – әжеміздің пісіретін пирогы сияқты аспаздық мұраның тұрақты символы. Аға ұрпақ тіпті, ойланбай-ақ сенімді түрде сөреден банкыні алатыны рас: өйткені олардың жадында бұл өнім сапа мен сенімділікпен байланысты қалып қойған. Бұған дейін өнім шығаруды қатаң қадағалап, өндірушілердің санын саусақпен санауға болатын. Кеңес жылдарында тұтынушы стандарттар бұзылмайтынын және әрбір банкі "микроскоптың астынан" шығатынын жақсы білетін. Бұл туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ хабарлайды.
Тапшылықты басынан өткермеген, сол "дәмді" дәстүрлі өнімдер есінде жоқ жас ұрпақ не істеуі керек? Олар үшін өніммен танысу оның сыртқы түрі мен қаптамасынан, демек, таңбаламасынан басталады. Төлқұжат сияқты, таңбалама өнім туралы қажет нәрсенің бәрін айтады: оның шығу тегі, құрамы, жарамдылық мерзімі. Егер ақпарат толық немесе бір тілде ұсынылса, сатып алушы бұл өнімнің мәлімделген сапаға сәйкес келетініне күмән келтіре бастайды. Өйткені, кез келген басқа саладағы сияқты, түсініктілігі аз болған сайын, тұтынушыда соғұрлым көп сұрақтар туындайды.
Алия Алибекова, "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы»"қоғамдық бірлестігінің ("МОТҚҚҚ" ҚБ) сарапшысы: "Біздің құқыққорғау ұйымының соңғы тәжірибесінен алынған мысал мұндай күмәндердің негізсіз емес екенін көрсетеді. 2024 жылдың маусым айында біздің өкіл әлеуметтік жоба аясында Конаев қаласындағы сауда нүктелерінің бірінен жасырын сатып алушы әдісімен "Килька в томатном соусе" (240 г) сатып алды. Өнім Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зертханасына кешенді зерттеуге жіберілді.
2024 жылдың 10 шілдесіндегі № 1240001022886426 зерттеу хаттамасы өнімнің тағам өнімдерінің қауіпсіздігі стандарттарына сәйкестігін растады. Бірақ, соған қарамастан, бір «бірағы» бар. Банкыдегі барлық ақпарат тек орыс тілінде ұсынылған – қазақ тілінде бір ауыз сөз жоқ. Кеңес Одағы кезіндегі килканы еске алатындар үшін мұндай кемшілік ұсақ-түйек болып көрінуі мүмкін. Бірақ қаптаманы таңдаулы нұсқау ретінде оқитын жаңа ұрпақ үшін бұл бірден: Неге аудармасы жоқ? Мына өнімге сенуге бола ма?" дегендей сұрқтар тудырады.
Таңбалама арқылы сенім бұзылғанда
"Таңбалама – тек әріптер мен сандар жиынтығы емес, бұл өндірушінің дауысы. Сатып алушы дүкендегі тауарды таңдағанда осыны пайдаланады. Бұл тұтынушыларға деген құрметтің белгісі және өндірушінің маңызды ештеңені жасырмайтынын растау. Сіздің ана тіліңізде өнімнің атауы да жоқ консерві банкісіне қалай қарайсыз? Бұл жерде ешқандай аңсау (ностальгия) көмектеспейді, – дейді құқыққорғаушы-сарапшы Жанна Биятан. – "Кеңестік МемСТ стандарттарында өскен аға буын үшін мұндай жағдай егжей-тегжейге шамадан тыс назар аудару сияқты көрінуі мүмкін. Олар: "Егер аудармасы болмаса не бопты?", "Біз мұның килка екенін жақсы білеміз ғой!" деуі әбден мүмкін. Ал жаңа буын сатып алушысы оны басқаша көреді. Негізгі ақпарат берілмесе, бұл өнімге сенуге бола ма? Өйткені, бірінші әсер – дәл біреумен кездескендегідей – қалыптасып қойған".
"Біз, құқыққорғаушылар ретінде таңбалама талаптарын сақтау – бұл өнімдермен енді ғана танысып келе жатқан жас ұрпақты ғана емес, жасына қарамастан барлық тұтынушыларды қорғау екенін еске сала кеткен жөн. Ақыр соңында, қаптамада анық және толық ақпарат болмаса, жақсы ескі консервілердің өзі "қара атқа" айналады. Сондықтан ата-аналар отбасылық түскі асқа сөреден "таныс банкыні" алып жатқанда, олардың таңдауы өткенді еске түсіріп қана қоймай, тиісті сапа стандарттарымен расталатынына сенімді болуы керек", – деп толықтырды сарапшы А.Алибекова.
Ас үйдегі шағын аудит:
Енді кішкене тәжірибе жасап көріңіз. Тоңазытқышты ашып, өзіңіздің сүйікті консервілеріңізді алыңыз. Жапсырмасын мұқият қараңыз: екі тілде толық ақпарат бар ма? Құрамы көрсетілген бе? Өндіріс күні туралы не деуге болады? Өйткені, таңбалама жай жазу емес. Бұл сіз таңдаған нәрсені дәл сатып алатыныңызға берілетін кепілдік.
Сондықтан, азық-түлік арбасына консервіленген өнімді тастамас бұрын, таңбаламаны тексеруге біраз уақыт бөліңіз. Олар айтқандай, жарқын қаптаманың артында не жасырылғанын кейінірек ойлағаннан гөрі, қазір бірнеше минут жұмсаған дұрыс.
Бұл материалды дайындаған "МОТҚҚҚ" ҚБ тұтынушылардың құқықтарын қорғау жұмысын жалғастыруда және әрбір сатып алушының өнім туралы толық және сенімді ақпарат алуға құқығы бар екенін еске салады. Есіңізде болсын: сіздің денсаулығыңыз бен қауіпсіздігіңіз егжей-тегжейге баса назар аударуыңызға байланысты.
Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2185374-tomat-sousyndagy-kilka-kopke-tanymal-asty-tangdauda-ne-narsege-nazar-audargan-zhon/