jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Астананы қалың қар басты: елордада 8 балдық кептеліс пайда болды (фото)

Астана көшелері
Астана көшелері. Фото: NUR.KZ

Толассыз жауған қардан елорданы қалың қар басты. Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, қала көшелерінде кептеліс пайда болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Астанада өткен аптадан бері боран соғып, қар жауды. Соңғы күндері қаланы қар басып қалды.

Gismeteo порталының хабарлауынша, бүгін елордада тағы да қар жауады. Қар кешкі сағат 17:00-ге дейін жауады деп болжанған.

Астана көшелері
Астана көшелері. Фото: NUR.KZ

Таңертең көшелерде кептеліс пайда болды. 2GIS порталының мәліметінше, сағат 10:00-ге қарай жолдардағы кептеліс сейілді. Қазір қосымшада 8 балдық кептеліс көрсетілген. Сол жағалаудағы Түркістан көшесі, Мәңгілік Ел даңғылы, Тұран, Сығанақ және Керей-Жәнібек хандар көшелерінде әлі де кептеліс байқалады.

Астанадаға кептеліс
Астанадаға кептеліс. Скриншот: 2gis.kz

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, бүгін елорда мектептерінде сабақ әдеттегідей офлайн форматта өтіп жатыр.

Астананы қалың қар басты: елордада 8 балдық кептеліс пайда болды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.