Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

25 градусқа дейін аяз: алдағы күндері Қазақстанның қай аймақтарында күн күрт суытады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қыс мезгілі
Қыс мезгілі. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Қазақстанның шығысында алдағы күндері 25 градус аяз болады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктердің болжамынша, 12-14 қараша аралығында республиканың барлық дерлік аумағында ауа райы құбылмалы болып, қар жауады.

Қазақстанның оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын түседі деп болжанып отыр. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында бұрқасын, көктайғақ, республиканың басым бөлігінде екпінді жел болады деп болжанды.

Синоптиктер 12 қарашада Шығыс Қазақстан облысында, 12-13 қарашада республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қалың қар жауады деп болжады. 13 қарашада Қазақстанның оңтүстігінде жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашын болады.

Тек батыс аймақтарды 14 қарашада күн жауын-шашынсыз болады.

Сонымен қатар батыс облыстарда ауа температурасы түнде 0...-11 градус пен -8...+3 градус аралығында болады. Қазақстанның солтүстік-батыс, солтүстік, орталық облыстарында түнде термометр көрсеткіші -8...-18 градус пен 3...-15 градус аралығында, күндіз -5...-12 градус пен 0...-8 градус аралығында болады.

Республиканың шығысында 13 қарашада ауа температурасы түнде -10...-25 градусқа, күндіз -5...-16 градусқа дейін төмендейді. Кейін 14 қарашада термометр көрсеткіші түнде -7...-20 градус, күндіз -2...-13 градусты көрсетеді. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы біртіндеп төмендейді деп болжанып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2185707-25-gradusqa-deiin-aiaz-aldagy-kunderi-qazaqstannyng-qai-aimaqtarynda-kun-kurt-suytady/