jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Еліміздің қай өңірінде бала туу көрсеткіші басым: сарапшылар жаңа мәлімет жариялады

перзентхана
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Сарапшылар 2024 жылғы қаңтар-қыркүйектегі демографиялық жағдай туралы жаңа мәлімет жариялады. Мәліметтерге сүйенсек, ең жоғары бала туу көрсеткіші үш облыста байқалған, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша халық саны 20 223 218 адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 12 704 977, ауыл тұрғындары – 7 518 241 адамға жетті.

Сарапшылар мәліметінше, 9 айда халықтың жалпы өсімі 189 376 адамды құрады.

2024 жылдың 9 айында Қазақстанда 278,7 мың бала дүниеге келді, қайтыс болғандар саны – 99,5 мың адам. Осылайша, халықтың табиғи өсімі 179,2 мың адамды құрады.

"Туудың ең жоғары деңгейі Түркістан облысында (1000 тұрғынға 25,04 адам), Маңғыстау облысында (24,84) және Шымкент қаласында (23,68) байқалды.

Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан облысында (1000 тұрғынға 11,52), Шығыс Қазақстан облысында (11,32) және Қостанай облысында (10,12) тіркелді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар алғашқы жарты жылдың ішінде 95 ​​мың неке қиылып, 29,3 мың ажырасу тіркелді.

Еліміздің қай өңірінде бала туу көрсеткіші басым: сарапшылар жаңа мәлімет жариялады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.