Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутат Тұрлыхановтың ұлы сот шешіміне шағым түсірді

Жарияланған күні:

Нұрасыл Болат
Нұрасыл Болат. Видеодан кадр: instagram/nursuluuu_05

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың бас бостандығынан айырылған ұлы Нұрасыл Болат сот шешіміне апелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісіне қалалық соттың өкілдері хабарлады.

Қалалық соттың баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Нұрасыл Болаттың Медеу аудандық №2 сотының шешіміне қатысты шағымы өткен аптада түскен.

"Апелляциялық шағым түскені рас. Іс материалдары іс жүргізу мерзіміне байланысты апелляциялық сотқа әлі жіберілген жоқ, Нұрасыл Болаттың Медеу аудандық №2 сотының шешіміне қатысты шағымы бір апта бұрын түскен", - деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі өкілдері.

Нұрасыл Болат ісі

Еске сала кетейік, Нұрасыл Болатқа екі немесе одан да көп адамның денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін (ҚР ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігі 1-тармақшасы бойынша) 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған болатын. Алайда кейін шартты мерзімде жүрген Нұрасыл Болат пробациялық бақылау тәртібін бұзғаны белгілі болды. Әлеуметтік желіде оның тойда жүргені түсірілген видео жарияланып кетті.

Осы дерекке байланысты пробация қызметінің өтініші қаралып, Нұрасыл Болатқа бас бостандығын шектеу түріндегі жазасы өтелмеген мерзімге 1 жыл 5 ай 10 күнге бас бостандығынан айыруға ауыстырылды.

Биылғы 16 қазанда депутат Дәулет Тұрлыханов баласы туралы пікір білдіріп, "21 жастағы баласының өмір көрмегенін, әлі жас екенін" айтқан еді.

Бұған қоса ол баласының әрекеттері бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға негіз бола алмайды деп санайтынын жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2186108-deputat-turlyhanovtyng-uly-sot-sheshimine-shagym-tusirdi/