Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада мектепте антибиотик қабылдаған оқушы уланды: ДСМ өкілдері тексеріс басталғанын хабарлады (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Палата іші
Палата іші. Фото: NUR.KZ/Әйгерім Сайқын

Үкіметте өткен брифингте денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаевқа Астанада оқушы қыздың антибиотиктен улануы фактісі жөнінде сұрақ қойылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Журналист оқиға Астанадағы №27 мектепте болғанын, оқушы қыз медбике берген антибиотиктен уланғанын, балаға 8 таблетка берілгенін еске салды.

"Өңірлік департамент бұл оқиға бойынша қызметтік тексеру жариялады, қорытындысын хабарлаймыз. Қызметтік тексеру әлі аяқталмады", - деп жауап берді денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев.

Еске салсақ, бұған дейін Маңғыстаудағы мектептердің бірінде балалар жаппай уланып қалғанын хабарлаған едік. Олардың ата-аналары шағым түсірген. Жағдайға облыстық денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Facebook-тегі парақшасында балалардың жаппай улануына қатысты пікір білдірген еді.

Сонымен қатар қыркүйек айында Павлодарда үш бала дәрі мен этанолдан уланып қалған болатын.

Айта кетейік, бұған дейін вице-министр Ержан Нұрлыбаев онкологиялық ауруларға бөлінетін бюджет қаржысы қысқара ма деген сұраққа жауап берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2186276-astanada-mektepte-antibiotik-qabyldagan-oqushy-ulandy-densaulyq-saqtau-ministrligi-tekseris-bastalganyn-habarlady/