БҚО әкімдігі жаңажылдық безендіруге қанша қаржы жұмсайды: әкім жауап берді
Жарияланған күні:
Батыс Қазақстан облысының әкімі бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Орал қаласын жаңа жылға қарсы безендіруге қанша қаражат жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Біздің балалар жыл сайын жаңажылдық шыршаны тағатсыздана күтеді. Жаңа жылға жалпы облыс бойынша, қала мен 12 ауданды қосқанда 28 миллион теңге бөлдік. Өткен жылдан бастап мен жаңа шыршаларды сатып алуға тыйым салдым. Бізде бұрыннан қалған жасанды шырша бар, мереке кезінде соны пайдаланамыз. Бәрі біткеннен кейін оны мұқият жинап, келісі жаңа жылға сақтап қоямыз", – деді Нариман Төреғалиев.
Облыс басшысының айтуынша, бөлінген қаражат жоспарланған іс-шараларға, соның ішінде сыйлықтарға жұмсалады.
"Бюджет қаражаты екенін жақсы түсінеміз, сондықтан оны оңды-солды шашпауға тырысамыз. Жалпы мерекелік бағдарлама жоспарында бірқатар шара қарастырылған, дәл қазір нақты не болатынын айта алмаймын", - деп жауап берді тұрғындар сұрағына.
Динар Мұрат
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2186373-bqo-akimdigi-zhangazhyldyq-bezendiruge-qansha-qarzhy-zhumsaidy-akim-zhauap-berdi/