Хромтау тұрғыны 3 миллион теңге алып жатқан жерінен ұсталды (видео)
Жарияланған күні:
Ақтөбе облысында жәбірленушіні әшкерелейтін ақпаратты таратпағаны үшін 5 миллион теңге бопсалаған күдікті ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, Ақтөбе облысы полиция департаменті Ұйымдасқан қылмсықа қарсы күрес қызметі мамандары жедел іс-шаралар жүргізу барысында 3 млн теңге сомасында ақшалай қаражат беру кезінде Хромтау қаласының тұрғынын ұстады.
"Күдікті жәбірленушіні әшкерелейтін мәліметтерді таратпағаны жергілікті тұрғыннан 5 млн теңге бопсалаған. Ұсталған адамнан ақша мен ұялы телефон тәркіленді", - деді Ішкі істер минстрлігі өкілі.
Қазір бопсалау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтауда кәсіпкерден бір млн теңге мен 6 көлік бопсалаған күдіктілер ұсталғаны туралы хабарлаған едік.
Күдіктілер кәсіподақ ұйымының жетекшілері бола тұра, белгілі бір ақпарат таратып, жұмыс процесін тоқтатамыз деп қорқытып, 5 миллион теңге және 6 "Тойота Хилюкс" автокөлігін талап еткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2186427-hromtau-turgyny-3-million-tengge-alyp-zhatqan-zherinen-ustaldy-video/