Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өнімнің қауіпсіздігі және тұтынушылардың құқықтары: әрбір сатып алушы нені білуі маңызды

Жарияланған күні:

Қалайы бар сусындар
Көрнекі фото: pexels.com

2024 жылдың маусым-қазан айлары аралығында "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі республика бойынша халық тұтынатын тауарларды тексеруді ұйымдастырды. Белсенділер жасырын сауда әдісін қолданып, азық-түлік пен электр құрылғыларынан бастап тұрмыстық химияға дейінгі түрлі тауарларды сатып алып, қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін тексеру үшін аккредиттелген зертханаларға тапсырды. Әрбір өнім маңызды сапа және қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша сарапталып, қазақстандық тұтынушылардың құқықтарын қорғаудағы қоғамдық ұйымдардың рөлі көрсетілді.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Қытай өнімдері: азық-түлік сатып алғанда не нәрсеге мән беру керек

Мәселен, қазан айында Қызылорда қаласындағы сауда нүктелерінің бірінен екі танымал алкогольсіз сусын – "МИЛКИС-КЛУБНИКА" ТМ "LOTTE" және "TAMS ZERO" сатылып алынды. Сынамалар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалына сараптамаға жіберілді, онда сусындар бірқатар зертханалық зерттеуден өтті.

"МИЛКИС-КЛУБНИКА" өзінің қауіпсіздігін және таңбалама стандарттарына сәйкестігін растады, алайда, "TAMS ZERO" МемСТ талаптарына сай болғанымен, қазақ және орыс тілдерінде таңбаланбаған. Бұл факт сатып алмақ болған өнімнің қауіпсіздігін білу маңызды саналатын тұтынушылар үшін таңбаламаның маңызды рөлі туралы мәселені қайта көтереді.

Қаптамада қазақ және орыс тілдеріндегі ақпараттың жоқтығы жай ғана бұзушылық емес: бұл – тауар туралы толық түсінік алу мүмкіндігінен айырылған тұтынушы үшін кемшілік. Әр аймақта онлайн тексерулер немесе QR кодтарын сканерлеу үшін тұрақты Интернетке қол жеткізе алмайтын жағдайларда сатып алушы өнім туралы негізгі ақпаратты тікелей қаптамадан ала алуы керек.

Құқыққорғаушы-сарапшы Алия Алибекова: "Таңбалама түсінікті және барлығына қолжетімді болуы керек. Импорттаушылар тауарлардың Қазақстан стандарттары мен заңдарына сәйкес келуіне жауапты, ал қаптамадағы дұрыс ақпарат сатып алушыға өнімді саналы түрде таңдауға, не сатып алып жатқанын түсінуге және оның қауіпсіздігіне сенімді болуға мүмкіндік береді" деп түсіндіреді.

"МИЛКИС-КЛУБНИКА" ТМ "LOTTE" и TAMS ZERO
Фото: Биятан Жанна

Сапасы төмен тауарларды болдырмау және жосықсыз өндірушілердің айлаларына түсіп қалмау үшін әрбір тұтынушы бірнеше қарапайым ережелерді сақтауы керек:

  1. Таңбалама тіліне назар аударыңыз. Егер қаптамада қазақ және орыс тілдерінде ақпарат болмаса, абай болыңыз: бұл ақпаратқа құқық беру арқылы тұтынушыны қорғайтын таңбалама жөніндегі техникалық реттеу талаптарын бұзу болып табылады.
  2. Өнім туралы толық ақпаратты іздеңіз. Сапалы өнім әрқашан өндірушіні, құрамын, жарамдылық мерзімін, сақтау жөніндегі ұсынымдарды және байланыс ақпаратын көрсетеді. Егер мұндай мәліметтер жоқ болса, бұл өндірушінің адал еместігін көрсетуі мүмкін.
  3. Сатушыға сұрақ қоюдан тартынбаңыз. Егер қаптамада таңбаламасы болмаса немесе қандай да бір күмән туса, сатушыдан өнімнің қайдан келгенін және оның қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетінін сұраңыз. Сатушы мұндай ақпаратты беруге міндетті.
  4. Қолжетімді ресурстар арқылы өнімдерді тексеріңіз. Кейбір өнімдерді штрих-кодтарды немесе QR кодтарын сканерлеу арқылы тексеруге болады, бірақ бұл әрқашан шалғай аймақтарда қоллжетімдіа бола бермейді, ал қаптамадағы белгілер мұны бірден жасауға мүмкіндік беріп, сапасыз өнімді сатып алудың алдын алады.

Импорттаушылардың міндеті – таңбаламаның тауар сатылатын елдің талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз ету. Бұл жағдайда тұтынушылардың қауіпсіздігі импорттаушының өз міндеттеріне қаншалықты адалдықпен қарайтынына байланысты. Тұтынушылардың құқықтарын қолдау да табысты бизнестің кілті болып табылады, өйткені бұзушылар тұтынушыларды жоғалту қаупін ғана емес, сонымен қатар реттеуші органдардан шағымдар алуы мүмкін.

Импорттық тауарларды сатумен айналысатын кәсіпкерлер үшін тауарлардың дұрыс таңбаламасы және сертификаттау беделдің маңызды элементі екенін түсіну маңызды. Клиенттерге толық және сенімді ақпарат жиынтығын ұсына отырып, бизнес тек заң талаптарын орындап қана қоймайды, сонымен қатар өз өнімдеріне деген сенімді тудырады.

Алия Алибекова былай деп қосты: "Кәсіпкерлер тұтынушыларға қамқорлық көрсету – олар түсінетін тілде ақпарат беруді қамтитынын есте ұстауы керек. Бұл тек заң талабы ғана емес, сонымен қатар клиенттермен сенімді қарым-қатынас орнатуға көмектесетін құрал".

Қазақстандағы тұтынушы қауіпсіздік стандарттарына толық сәйкес келетін өнімді таңдай алуы керек. "МОТҚҚҚ" ҚБ ұйымдастырған тексерулердің көмегімен проблемалық аймақтар анықталып, тұтынушылар олардың қауіпсіздігі мен өнім сапасына сенімділігін қамтамасыз ететін құқықтар туралы білуге ​​мүмкіндік алады.

Бұл материалды дайындаған "МОТҚҚҚ" ҚБ сенім мен құқықтық нормаларды сақтау нарықты нығайтып, оны қауіпсіз және ашық ететінін еске салады. Таңбаламаға және сапаны бақылауға назар аудару – бұл жай ғана бизнес элементі емес, әлеуметтік жауапкершілік пен ұлт денсаулығының қамқорлық құралы.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша Instagram OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/ немесе 87054222739 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2186594-onimning-qauipsizdigi-zhane-tutynushylardyng-quqyqtary-arbir-satyp-alushy-neni-bilui-mangyzdy/