Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дайын тәттілер: қауіпсіз өнімдерді қалай таңдауға болады және не нәрсеге назар аудару керек

Жарияланған күні:

Арба
Көрнекі фото: depositphotos.com

Өмірдің заманауи ырғағында кейде, тіпті, демалыс күндері де жұмыспен жүріп, дайын өнімдердің, соның ішінде десерттердің ыңғайлылығынан бас тартатындар кемде-кем. Өйткені, кейде пеш жанында сағаттап тұрғаннан гөрі дайын тәтті нанды сатып алып, отбасымен уақыт өткізген анағұрлым ыңғайлы. Бірақ үстелдегі өнім дәмімен ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздігімен де қуанту үшін бірнеше маңызды жайттарды есте сақтау керек.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Тиімді сатып алу: сарапшылар қаймақты қалай таңдау керегін айтты

Құқыққорғаушы-сарапшы Алия Алибекова былай дейді: "Қазіргі өмір қарқыны өз ережелерін талап етеді және дайын өнімдер жақын адамдарымызбен өткізетін уақытты үнемдеуге көмектеседі. Дегенмен, уақытты үнемдеу сіздің денсаулығыңызға зиян келтірмеу керек. Біз ыңғайлы, бірақ қауіпсіз өнімдерді таңдай аламыз, бұл үшін сапаны және таңбаламаны тексеру әдетін қалыптастырған жөн".

2024 жылдың маусым-қазан айлары аралығында "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі сатып алушыларға қауіпсіз өнімді қалай таңдау керектігін түсінуге көмектесу үшін бүкіл ел бойынша, Оралдан Таразға дейін құпия сатып алу әдісімен бірқатар өнімдерді сатып алуды жүргізді. Бұл ауқымды жоба азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және қазақстандық тұтынушылар үшін салауатты орта құруға бағытталған мемлекеттік бағдарламаның бір бөлігі болды.

Әрбір тұтынушыға қамқорлық танытқан белсенділер ірілі-ұсақты сауда орындарынан түрлі санаттағы тауарларды сатып алып, аккредиттелген зертханаларға сараптамаға жіберді. Мысалы, 2024 жылдың қазан айында Қызылордада кондитерлік өнімдер: JIN SHAN JIAO және PURE CAKE тәтті нандары сатылып алынды. Бұл үлгілер Қызылорда облысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының зертханасында қауіпсіздік пен сапаға қатысты тексерілді.

JIN SHAN JIAO және PURE CAKE торттар
Фото: Биятан Жанна

Сараптама нәтижесі екі өнімнің де қауіпсіздік стандарттарына сай екенін көрсетті: улы заттар анықталған жоқ, микробиологиялық құрамы қалыпты. Бұл өнімдерді жеу қауіпсіз және денсаулыққа қауіп төндірмейтінін білдіреді. Бірақ таңбаламасы сәл күрделірек болып шықты. Екі өнімнің де мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпараты болмаған, бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұтынушыларды толық ақпараттандыру үшін маңызды. Сонымен қатар, тәтті нандар қаптамасында шығарылған күні немесе ЕАЭО нарығына сертификаттаудан өткенін растайтын өнімнің бірыңғай айналымы белгісі болмаған.

Халықаралық таңбалама стандарттары, әдетте, қазақстандықтардан ерекшеленеді. Мысалы, Кореяда өндіру күнін емес, жарамдылық мерзімін көрсету міндетті. Қазақстанда бұл екі көрсеткіш те маңызды және біз үшін өнімнің шығарылған күнін де, оны қауіпсіз тұтынуға болатын кезеңді де көру қажет саналады. "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" заңына сәйкес, импорттаушы тұтынушының тауар туралы барлық ақпаратты екі тілде: мемлекеттік және орыс тілінде алуын қамтамасыз етуге міндетті.

Тұтынушылар үшін бұл тек сәйкестік мәселесі ғана емес, сонымен қатар өнімнің жаңа және қауіпсіз екендігіне сенімділік. Дайын өнімді сатып алатындар үшін мына кеңестер:

  • Жарамдылық мерзімі және өндіру күні. Ең алдымен, жапсырманы қараңыз, тіпті, таныс өнімдерде де осы маңызды күндерді нақтылаған дұрыс.
  • Қаптаманың тұтастығы. Қаптама зақымдалған немесе ісінген болса, бұл сақтау шарттары орындалмағанын көрсетуі мүмкін. Мұндай жағдайларда сатып алудан бас тартқан жөн.
  • Бірыңғай айналым белгісі (Еуразиялық сәйкестік). Бұл өнімнің ЕАЭО нарығына сертификатталғанын және қажетті қауіпсіздік сынақтарынан өткенін растайды.
  • Орыс және мемлекеттік тілдерге аударма. Өнім туралы ақпарат тек шет тілінде болса, бұл қазақстандық тұтынушылар үшін ыңғайсыз болуы мүмкін. Егер сіз құрамына сенімді болмасаңыз, ақпаратты сатушыдан сұрағаныңыз дұрыс.

Көпшілігіміз мемлекет пен қоғамдық ұйымдар тауарларды тек формальдылықты сақтау үшін ғана бақылайды деп ойлауға дағдыланған. Дегенмен, мұндай жобалар барлық тексерулердің нақты мақсаты – тұтынушыларға қамқорлық жасау екенін көрсетеді. Сөредегі өнімнің денсаулыққа қауіп төндіретінін ешкім қаламайды, сондықтан мемлекет, қоғамдық ұйымдар және бизнес бұл жұмыста "бір қайықтың ішінде".

Жергілікті өндірісті қолдау және қауіпсіздіктің қатаң стандарттарын енгізу әділ бәсекелестік ортаны құруға және әрбір қазақстандық үшін қолжетімді өнім сапасын арттыруға бағытталған кешенді тәсілдің бір бөлігі болып табылады. Кәсіпкерлер, қоғам белсенділері және мемлекеттік органдар бірігіп тұтыну нарығын қорғауды қамтамасыз етеді және бұл үдерісте біздің күш-жігеріміз де қажет. Өйткені, дүкенде тауар таңдауда біз нарыққа да әсер етеміз.

Бұл материалды дайындаған "MOТҚҚҚ" ҚБ қауіпсіздік, таңбалама және сапа талаптарына сәйкес келетін өнімдер біздің өмірімізді ыңғайлы әрі тыныш ететінін еске салады және біз қауіпсіз де сапалы өнімге құқығымыз бар екенін неғұрлым көп білсек, соғұрлым дұрыс таңдау жасауымыз оңайырақ болады.

Осығн ұқсас сұрақтар бойынша Instagram OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/ немесе 87054222739 телефоны, сондай-ақ Қызылорда облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің 8(7242)711530 сенім телефоны арқылы хабарласа аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2186081-daiyn-tattiler-qauipsiz-onimderdi-qalai-tangdauga-bolady-zhane-ne-narsege-nazar-audaru-kerek/