Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтарға қайырымдылық мақсатында ақша жинауға тыйым салынуы мүмкін бе: Балаева жауап берді

Жарияланған күні:

Ақша санап отырған әйел
Ақша санап отырған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Мәжіліс кулуарында Мәдениет және ақпарат министрлігі басшысына "Қазақстанда қайырымдылық мақсатта жеке тұлғалардың жеке карталарына ақша жинауға тыйым салу мәселесі қаралып жатыр ма?" деген сұрақ қойылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бұған дейін қоғам белсенділері үкіметте жеке тұлғалардың қаражат жинауына тыйым салу мәселесі қарастырылып жатқанын хабарлаған еді. Осы мәселені қарау үшін Мәдениет және ақпарат министрлігі жанынан жұмыс тобы құрылған.

"Мәселе талқыланып жатыр, жұмыс тобы құрылды. Нақты шешімдер әлі жоқ, өйткені біз ұсыныстар жинаймыз, сарапшылардың пікірлерін зерттейміз. Мұндай бастамалар жай ғана қабылдана салмайды – (қайырымдылық үшін қаражат жинауды – ред. ескертпесі) жеке бас пайдасына пайдалану және алаяқтық жағдайлары бар болғандықтан, осыған байланысты біз қайырымдылық көмек тетігін жетілдіру мәселесін қарастырып жатырмыз. Әзірге нақты шешімдер жоқ", - деп жауап берді министр Аида Балаева.

Сонымен бірге ол "адамдарға зиян келтіру" мақсаты жоқ екенін айтып, сендірді.

"Халықтың мүддесін қозғайтынның барлығын бір министрліктің қабырғасында шешуге болмайды, тиісінше, мұның барлығы азаматтық қоғам институттарының қатысуымен талқыланады, БАҚ өкілдері де тыс қалмайды – сіздер де өз ұсыныстарыңызды білдіре аласыз, министрлік жанынан жұмыс тобы құрылды.

Бұл жұмыс тобы барлық түйткілді мәселені, оның оң жақтарын зерттеп, сараптайды, сондықтан халқымызға зиянын тигізетін шешімдер қабылданбайды. Бұған жауапкершілікпен сендіре аламын. Десе де мәселе талқылау сатысында, нәтижесін күтейік", - деп қосты министр.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің басшысына "Жұмыс тобы адамға "жай түскен" мобильді аударымдарды қайырымдылық мақсатында картаға аударылған қаражаттан қалай ажырататынын ойластырды ма?" деген сұрақ қойылды.

"Әрине, қабылданатын кез келген шешім жан-жақты және практикалық тұрғыдан қарастырылуы керек, сондықтан, әрине, бұл мәселелер талқыланады", - деп жауап берді Балаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2186774-qazaqstandyqtarga-qaiyrymdylyq-maqsatynda-aqsha-zhinauga-tyiym-salynuy-mumkin-be-balaeva-zhauap-berdi/