Сарапшылар сиыр етінің бұқтырмасынан не тапты
Жарияланған күні:
Бұқтырылған етті сатып алғанда не нәрсеге көңіл аудару керек, жоғары сапалы консервілерді қалай таңдаған дұрыс және консервілерде еттен басқа тағы не болуы мүмкіндігін "Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің мамандары айтып берді.
"КМПЗ Дейма" ААҚ (Ресей) өндірген салмағы 325 грамм болатын "Тушенка с говядиной" жентектелген стерильденген ет консервілері" Шаруашылық жүргізу құқығындағы "ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" РМК сараптамаға жіберілді. Өнім Алматыдағы дүкендердің бірінен сатылып алынған. Консервілердің шығарылған күні – 17.04.2024, сақтау мерзімі 3 жыл.
Осы жерде айта кететін жайт, "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында "Ақпараттық қызмет көрсету арқылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу" атты әлеуметтік жобаны жүзеге асыруда. Сарапшылар атап өткендей, жоба тұтынушылардың тауарлар, олардың сапасы, сондай-ақ сатушылар мен өндірушілер туралы сенімді және толық ақпарат алуға қатысты құқықтарын жүзеге асырады. Сонымен қатар, "МОТҚҚҚ" ҚБ тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуеді, сондай-ақ аккредиттелген ұйымдар сараптамадан өткізген тауарлардың зерттеу нәтижелері туралы шынайы да сенімді ақпараттарды БАҚ арқылы таратып, Қазақстанда тұтынушыларға сатылатын өнімдердің (тауарлардың) қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етеді.
Зертханада таңбаламаның бар-жоғына қатысты жан-жақты зерттеу жүргізілді және "ДНҚ-ны алу және доңыз ДНҚ-сы сипатына "DNAnimal Ident Pig HS-әдісі" зерттеу жүргізді. Кеден одағының "Тағамдық өнімдердің таңбаламасына қатысты" 022/2011 техникалық регламентін № 969/441 хаттамасына сәйкес бұзушылықтар анықталған жоқ. Ал №969/679 азық-түлікті зерттеу хаттамасына сәйкес, үлгіден алынған материалдан доңыз ДНҚ-сы табылған. Алайда, өндіруші бұл ақпаратты жасырды. ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңы арқылы тұтынушының тауардың тиісті сапасына қатысты құқығы қамтамасыз етілген, сонымен қатар тұтынушы сипаттамасына сәйкес келетін, толық, сенімді және өз уақытындағы ақпаратты алуға құқығы бар. Ал Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" кодексінде тұтынушыларды адастырғаны үшін жауапкершілік қарастырылған.
Сарапшылар ескертеді: Таңбаламасы мен құрамын мұқият оқып шығыңыз
"Ең бірінші назар аудару керек нәрсе – бұл атауы. Мысалы, зерттеуге жіберілген өнім "құрамында ет бар" деп аталады. Бұл нені білдіреді? Өнімде кем дегенде 60 пайыз бұлшықет тіндері болса, ол етті өнім деп аталады. Егер ет мөлшері жоғарыда көрсетілген пайыздан төмен болса, онда бұл құрамында ет өнімі бар екенін білдіреді. Одан әрі – "жентектелген". Бұл монолитті тартылған ет түріндегі ет немесе ет емес ингредиенттерден жасалған өнім. Яғни, банкыні ашқанда оддан тұтас ет кесектерін күтпеу керек. Атаудағы келесі көрсеткіш – зарарсыздандырылған. Бұл консервіленген өнім зарарсыздандырылған еттен жасалған және тұтынуға толығымен дайын дегенді білдіреді", – деп түсіндіреді тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі сарапшы Жанна Биятан.
Сарапшылар өнімнің шығарылған күні мен жарамдылық мерзімін қарап, таңбаламаны зерттеуді қатаң ұсынады. Егер жарамдылық мерзімі аяқталып жатса, мұндай өнімді сатып алмаған дұрыс. Сондай-ақ, консервідегі шығарылған күні заттаңбадағы шығарылған күнімен сәйкес келмейтін өнімді де сөреде қалдырған дұрыс. Рельефтік белгілеу әдісі бойынша таңбалама құтының түбіне жазылса, жақсы. Мұндай белгілерді өшіріп, жаңасын орнату мүмкін емес. Есте сақтау керек, зауыт белгілері міндетті түрде банкынің ішінен мөрленеді, ал сыртына мөрленген белгілер жалған өнім белгісі болуы мүмкін.
Бұған қоса, қаңылтыр немесе алюминий құтыда зақымдану немесе ісіну бар-жоғын мұқият тексерген жөн. Егер құтысы мыжылған немесе сызылған болса, онда бұл тасымалдау шарттарының бұзылғанынан хабар береді. Ал ісінген болса, ішке ауа кіріп, бітеулігі бұзылған деген сөз. Бұл бактериялардың көбеюі үшін тамаша орта саналады. Мұндай консервілерді жеу көбінесе аурухана төсегінде ботулизм диагнозымен жатумен аяқталады. Консервілерді ашқаннан кейін банкынің ішкі қабырғаларында тот немесе қара дақтар болса, оны тұтыну ұсынылмайды.
Жапсырмадағы барлық жазулар мен белгілер оқуға оңай болуы керек. Сонымен қатар, ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде басылуы тиіс, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАО) нарығында бірыңғай айналым белгісі болуы шарт. Бұл белгі өнімге міндетті сәйкестікті растау рәсімінен өткеннен кейін қолданылады.
Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындаған.
Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы "МООТҚҚҚ" ҚБ таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді.
Осыған ұқсас сұрақтар бойынша Instagram OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/ немесе 87054222739 телефоны арқылы хабарласуға болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2186903-sarapshylar-siyr-etining-buqtyrmasynan-ne-tapty/