Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шай ішкенде дастарқаннан табылатын тәттіні қалай таңдауға болады

Жарияланған күні:

Шоколад
Көрнекі фото: pixabay.com

Кәмпиттер тек тәтті дәмімен қуантып қана қоймай, сонымен қатар азық-түлік қауіпсіздігі талаптарына сай болуы керек. Түрлі-түсті қаптамаға қарап тұрып, біз көбінесе құрамы мен жарамдылық мерзімін тексеруді ұмытып кетеміз, бұл дүкенде сертификаты жоқ өнімдерді сатпайды деген іштей сенімнен болса керек. Біз қандай сертификаттар болуы керектігін де ойламаймыз. Бұл туралы "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің мамандарының ойлайтыны бізді қуантып отыр.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Тиімді сатып алу: сарапшылар қаймақты қалай таңдау керегін айтты

Осылайша, "МОТҚҚҚ" ҚБ мамандары Алматыдағы "Көк базарда" орналасқан дүкендердің бірінен әрқайсысының салмағы 90 грамм болатын төрт қаптама шоколадты вафли түтікшелерін сатып алды. Өнімнің жарамдылық мерзімі – 9 ай.

"Сатып алу кезінде біз өндірушінің өнім қаптамасында өзін көрсетпегенін байқадық, сонымен қатар партия нөмірі немесе сақтау шарттары туралы ақпарат болмады. Бір бірлік түріндегі бақылау түріндегі сатып алу сол сәтте-ақ Алматы қалсы бойынша ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚҚ РМК филиалына кешенді зерттеуге жіберілді", – деп атап өтті тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі сарапшы Жанна Биятан.

Біз Кеден одағының "Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 021/2011 техникалық регламентінің талаптарына сәйкес қорғасын, кадмий және мышьяк концентрациясына белгісіз өндірушінің шоколадты түтікшелерін зерттедік. 2024 жылдың 30 қазандағы №1240011003555004 тағам сынамаларын зерттеу хаттамасына сәйкес, жоғарыда аталған ингредиенттердің болуы анықталған жоқ.

Шоколадты вафли түтіктері
Фото: Биятан Жанна

Шоколадты вафли түтікшелерінің қалған екі қаптамасы микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сыналды. "Зерттелген өнімнен ішек таяқшасы бактериялары, алтын түсті стафилококк, зең және патогенді микрофлора табылған жоқ" – бұл 2024 жылдың 21 қазанындағы №1240002183582974 тағам өнімдерін микробиологиялық зерттеу хаттамасының қорытындысы.

"Елдегі сауда орындарына жеткізілетін өнім сапасының міндетті шарты Кеден одағының "Тағам өнімдерінің таңбаламасына қатысты" 022/2011 техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігі болып табылады. Таңбаламада өндірушілер жиі жіберетін қателік – өнімнің атауы, тағам өнімдерінің құрамы, саны, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, өндірушінің атауы мен орналасқан жері, тағамдық құндылығы мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілмейді. Сондай-ақ, шоколадты вафли түтікшелерінің қаптамасында Бірыңғай Еуразиялық сәйкестік айналым белгісі көрсетілмеген. Жоғарыда аталған олқылықтардың барлығы №1240001023597547 тағам үлгілерін зерттеу хаттамасына енгізілді", – деп баса айтты Жанна Биятан.

Қазақстандықтардың азық-түлік қоржынындағы тағы бір танымал өнім – ашымалы сүтті сусындар. Олар иммунитетті арттырады және асқазан-ішек жолдарының микрофлорасына оң әсер етеді деп саналады. Мұнда да тұтынушылар өнімнің құрамына аз көңіл бөледі.

"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің сарапшылары зерттеуге қауын дәмі бар ЭКСПОНЕНТ ХАЙ-ПРО құрамында ақуызы жоғары майсыздандырылған ашымалы сүт сусынын алды. Көлемі 250 грамм өнімді өндіруші Беларусь Республикасы "Горецкий пищевой комбинат" ШЖШС болып табылады. Жасырын сатып алушы әдісі арқылы оны Алматыдағы "Көк базардағы" дүкендерінің бірінен сатып алған. Сусынның жарамдылық мерзімі – 45 күн.

№1240011003555233 тағам үлгілерін зерттеу хаттамасына сәйкес, өнімде қорғасын, кадмий, мышьяк концентрациясы анықталған жоқ.

Айта кету керек, сусынның Кеден одағының "Тағамдық өнімдердің таңбаламасына қатысты" 022/2011 техникалық регламентіне сәйкестігін зерделеу кезінде өндіруші барлық талаптарды орындады. Қаптамада Бірыңғай Еуразиялық сәйкестік айналым белгісі бар, барлық таңбалама мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілген, ол Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына толық сәйкес келеді. "Ұлттық сараптама орталығы" Алматы филиалының мамандары бұл фактіні 2024 жылдың 24 қазанындағы №1240001023595067 азық-түлік сынамаларын сараптау хаттамасында көрсеткен, – деп хабарлады тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі сарапшы Жанна Биянат.

Айтпақшы, ашымалы сүт өнімдеріне Кеден одағының "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 033/2013 техникалық регламенті қолданылады. Сондықтан, Алматыдағы Ұлттық сараптама орталығында Беларусь елінде өндірілген сусынның құрамында антибиотиктердің, гормондардың, b-адренүдеткішінің, микробтық трансглютаминазаның қалдық мөлшері, құрғақ сүттің массалық концентрациясы тексерілді.

№1240002183583057 тағам үлгілерін сынау хаттамасында антибиотиктер тізіміне өнімді сынау кезінде пенициллин, стрептомицин және тетрациклин тобының концентрациясы анықталмағаны көрсетілген.

Ашымалы сүт өнімінде ішек таяқшасы бактериялары – алтын стафилококк, зең, патогенді микрофлора, оның ішінде сальмонелла табылған жоқ (№1240002183583028 азық-түлік өнімдерін микробиологиялық сынау хаттамасы).

"Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" кодекс Қазақстанның ішкі нарығы мен тұтынушыларын қорғайды. Ал мұнда кәсіпкерлерге заң қатаң:

  • тауардың тұтынушылық қасиеттеріне немесе сапасына қатысты бұрмалану немесе тұтынушыларды өзге де алдау;
  • Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің, техникалық регламенттердің талаптарын бұзу;
  • техникалық регламенттерде және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімді айналымға шығару;
  • техникалық регламенттерде және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес растау немесе сәйкестікті растау құжаттары жоқ өнімді айналымға шығару;
  • тауардың шығарылған елі, өндірушісі, жеткізушісі немесе сатушысы туралы мәліметтерді немесе тауар туралы қазақ және орыс тілдеріндегі сенімді және жеткілікті ақпаратты қамтитын құжаттарсыз тауарларды сату;
  • сатып алушының өтініші бойынша тауар, оның шыққан жері, өндірушілер, тұтынушылық қасиеттері, кепілдік міндеттемелері және шағымдарды беру тәртібі туралы қажетті ақпаратты бермегені үшін әкімшілік жауапкершілік қрастырылған.

Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындаған.

Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша Instagram OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/ немесе 87054222739 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2186850-shai-ishkende-dastarqannan-tabylatyn-tattini-qalai-tangdauga-bolady/