Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда уақыт ауыстырудың денсаулыққа әсері зерттеледі

Жарияланған күні:

Сағат және ақша
Сағат және ақша. Көрнекі сурет: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстан ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек уақыт ауыстырудың қазақстандықтар денсаулығына қалай әсер ететінін анықтау мақсатында зерттеу жүргізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлады.

Саясат Нұрбектің айтуынша, зерттеуді денсаулық сақтау министрлігі сұратқан.

"Зерттеуді бір ғана институт емес, консорциум жүргізеді. Біз оған ең Геограция институты секілді ең мықты мекемелерімізді қосамыз. Бірақ денсаулық сақтау министрлігіне қарасты институттардың да көмегі қажет болады", - дейді парламент ғимаратында журналистер сұрағына жауап берген Саясат Нұрбек.

БАҚ өкілдері министрден осы зерттеуге бюджеттен қанша қаражат бөлінгенін де сұрады.

"Қаражаттың қанша екенін қосымша анықтау қажет болады. Көп емес", - дейді министр.

Саясат Нұрбектің айтуынша, жақында Жоғары ғылыми-техникалық комиссия отырысы өтеді. Зерттеу тағдыры осы жиналыста шешіледі.

"Жоба мақұлданса, бірден байқау жариялап, осы зерттеуді іске қосамыз", - деп түйіндеді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанды бірыңғай уақыт белдеуіне көшіру туралы бастама көтергендердің бірі депутат Еркін Әбіл уақытты ауыстыруға қатысты сынға жауап берген.

Қазақстанда биыл 1 наурызда бірыңғай уақыт белдеуіне көшіп, еліміздің бірнеше өңірінде уақыт бір сағатқа артқа жылжыды. Атап айтқанда, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында жергілікті уақыт бір сағатқа артқа қойылды.

Күзде күн қысқарған сайын тұрғындар, қоғам белсенділері үкіметтен бір белдеу туралы шешімнен бас тартып, республиканы бұрынғы уақыт тәртібіне қайтаруды сұрап жүр.

Автор: Талғат Дүйсенбек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2187293-uaqyt-auystyru-densaulyqqa-qalai-aser-etedi-zertteuge-biudzhetten-aqsha-bolinedi/