jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Астанада LRT депосының құрылысы басталды

LRT депосы
LRT депосы. Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада LRT депосының құрылысы басталды. Ол халықаралық әуежайдың жанында орналасады, деп хабарлайды қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әкімдік мәліметінше, LRT жобасының негізгі инфрақұрылымдық нысаны – депоның құрылысы басталды. Ол Халықаралық әуежай маңайындағы 16,84 га аумақта орналасады. Депо LRT жүйесіне техникалық қызмет көрсету және басқару орталығына айналады.

"Депо ғимараттарының жалпы ауданы – шамамен 80 мың м² . Онда жылжымалы құрамға толыққанды техникалық қызмет көрсету және жөндеуге қажетті барлық нысан орналастырылады. Кешен вагондарды жуу ғимаратынан, қосалқы бөлшектер мен жабдықтар қоймаларынан, жолдарды жөндеуге арналған арнайы техника, сондай-ақ қызметкерлерді оқыту және біліктілігін арттыруға арналған әкімшілік ғимараттардан тұрады", - делінген хабарламада.

Депо аумағында пилотсыз пойыздарды басқару орталығы да құрылады. Автоматтандырылған басқару жүйесі қауіпсіздік пен тиімділікті едәуір арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ іске қосу, тежеу және станцияларда тоқтау сияқты процестерді автоматтандырып, адами фактордың әсерін барынша азайтады.

"Эстакада бойынша негізгі құрылыс жұмыстарының аяқталуына байланысты, қысқы кезеңде құрылыс технологиясына сәйкес, LRT жобасының жұмыстары депо құрылысына шоғырланады", - дейді әкімдік өкілдері.

Астанада LRT депосының құрылысы басталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.