Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы сарапшылар өнімнің жапсырмаларын мұқият қарауға кеңес береді

Жарияланған күні:

Тұздық банкалары
Иллюстративное фото: pixabay.com

ҚР МСИ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мемлекеттік тапсырысы аясында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста сапасыз және қауіпті азық-түлік өнімдері анықталуда. Бұл азық-түлік сапасын бақылау ауқымды жобасының арқасында мүмкін болды. Осы жоба аясында сауда желілерінен сатып алынған өнім үлгілеріне зертханалық сынақтар жүргізіледі.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Қытай өнімдері: азық-түлік сатып алғанда не нәрсеге мән беру керек

Атап айтқанда, "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің мамандары Қытайда жасалған "Хойсин" тұздығына қатысты зерттеулерге тоқталды. Азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған уәкілетті органдардың қолдауымен сатылып алынған өнімге бірқатар зерттеу жүргізілді. Шыны ыдыстағы "Хойсин" тұздығын (көлемі 250 грамм, сақтау мерзімі 18 ай, шығарылған күні 17.05.2022 ж.) жан-жақты зерттеу үшін Шаруашылық жүргізу құқығындағы Қазақстан Республикасы Прездентінің Іс басқару медциналық орталығы "Ақтөбе қаласының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" РМК-ға жіберілді.

"Хойсин" тұздығына
Фото: Биятан Жанна

Зерттеудің мақсаты – Кеден одағының "Тағамдық өнімдердің таңбаламасына қатысты" 022/2011 және "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 021/2011 техникалық регламенттеріне сәйкестігіне кешенді зерттеулер жүргізу.

2024 жылғы 24 қазандағы №1021/476 азық-түлікті зерттеу хаттамасына сәйкес, мамандар таңбаламадан көптеген сәйкессіздікті анықтады. Мысалы, қаптамада тамақ өнімінің атауы, құрамы, сақтау шарттары, өндірушінің атауы мен орналасқан жері не қазақ тілінде, не орыс тілінде көрсетілмеген. Сонымен қатар Бірыңғай Еуразиялық сәйкестік айналым белгісі жоқ.

ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңы 25-бабы – "Сатушының (дайындаушының, орындаушының) тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы ақпарат беру міндеті" міндетті түрде өнімнің атауын, егер өнім техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсіміне жататын болса, сәйкестік белгісін, сондай-ақ өнімнің негізгі тұтынушылық қасиеттері, тағамдық, биологиялық және энергетикалық қасиеттері туралы өзге де ақпараттарды міндетті түрде қамтуға тиіс. Осы баптың 3-бөлігінде тармақтарда көзделген мәліметтер тауарға қоса берілетін құжаттамада, тұтынушылық қаптамада және заттаңбада тұтынушының назарына қазақ және орыс тілдерінде жеткізілуі тиіс делінген. Ақпарат мәтіні "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" заңы талаптарына сәйкес болуға тиіс", - деп атап өтті "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" ҚБ өкілі Жанна Биятан.

Айтпақшы, "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" заңның 21-бабына сәйкес, тауардың заттаңбаларында, арнайы ақпараты бар жапсырмаларында, таңбаламасында, шетелде өндірілген тауарларға арналған нұсқаулықтарда қазақ және орыс тілдеріндегі ақпарат болуы керек және бұл аударма импорттаушы ұйымдардың қаражаты есебінен қамтамасыз етілуге тиіс.

Бүгінгі күні тамақ өнімдерін өндірушілердің қызметі Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" кодексінің 203, 425, 415-баптарымен реттеледі. Заң елдің ішкі нарығын сапасыз және қауіпті өнімдерден қорғайды. "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" тұтынушылардың құқықтарын қорғау – мемлекеттік органдардың ғана емес, кәсіпкерлер мен азаматтардың өздері үшін де міндет екенін еске салады.

Мамандар сынаманың құрамында ГМО бар-жоғын да тексерді. 2024 жылдың 23 қазандағы № 1021/720 хаттамасында мақсатты құрамдас бөлікке қатысты үлгіде ГМО-дан алынған материалдар табылмағаны көрсетілген.

Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындаған.

Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ таратқан ақпараттар жарнама болып саналмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді.

Тұтынушылардың құқықтарының бұзылғанын байқасаңыз, тұрғылықты жеріңіз бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне хабарласуға болады, байланыстар ҚР МСИ сайтында орналасқан (Ақтөбе облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті. Сенім телефоны: 8 (7132) 548 126).

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша Instagram OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/ немесе 87054222739 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2187377-tutynushylardyng-quqyqtaryn-qorgau-salasyndagy-sarapshylar-onimning-zhapsyrmalaryn-muqiiat-qarauga-kenges-beredi/