Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таңбалама тұтынушыларға қалай көмектеседі және кәсіпкерлер нені білгені маңызды

Жарияланған күні:

Крекер
Көрнекі фото: pixabay.com

2024 жылдың маусым-қазан айлары аралығында "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің белсенділері әлеуметтік жоба аясында Қазақстан нарығында ұсынылатын өнімдердің сапасына мониторинг жүргізді. Құпия сатып алу әдісімен сатылып алынған түрлі тауарлардың қауіпсіздігі мен таңбалама талаптарына сәйкестігін бағалау үшін аккредиттелген зертханаларда мұқият сынақтан өтті. Бұл жобаның мәні – өнімдер құрамының сапасын тексеру ғана емес, сонымен қатар қаптамадағы ақпараттың тұтынушылар үшін қаншалықты қолжетімді және түсінікті екенін анықтау болып табылады. Өйткені, таңбалама тұтынушылардың денсаулығы кейде тәуелді болатын ақпараттың бірінші көзі болып табылады, деп хабарлайды "МОТҚҚҚ" ҚБ.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Тиімді сатып алу: сарапшылар қаймақты қалай таңдау керегін айтты

2024 жылдың қазан айында белсенділер азық-түлік себетіне бадам қосылған корей крекері мен ZEC-крекерін (тұздалған) қосып, Қызылордадан тауарлар сатып алды. Барлық сынамалар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының аккредиттелген зертханасына кешенді зерттеуге жіберілді. Сынақ нәтижелері бойынша екі үлгіде де улы заттар табылмады, бұл қазірдің өзінде жақсы көрсеткіш саналады.

Алайда, осы жерден, өкінішке қарай, қолайлы зерттеу нәтижелері аяқталды. Тексеру көрсеткендей, бадам қосылған крекер мемлекеттік тілде таңбаланбаған, ал ZEC-крекерінде қазақша да, орысша да ақпарат жоқ. Бұл кейде тұтынушының денсаулығы мен қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін өнім, оның құрамы және сақтау шарттары туралы маңызды ақпаратты білу құқығын шектейді.

ZEC крекерлері
Фото: Биятан Жанна

ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңына сәйкес, бір тілде немесе тек шет тілінде берілген ақпарат – берілмеген деп есептеледі. Тауар сатылатын елдің ресми тіліне таңбаламаның аударылмауы, бір қарағанда, елеусіз ұсақ-түйек болып табылады, бірақ, бұл бірден екі нормативтік құқықтық актінің талаптарын бұзу болып саналады: "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" заңы мен "Тағамдық өнімдердің таңбаламасына қатысты" техникалық реттеушісі тамақ өнімдерін орыс тілінде және Кеден одағына (ЕАЭО) мүше-елдің мемлекеттік тілдерінде таңбалауды міндеттейді.

Таңбалама – шын мәнінде, тұтынушының денсаулығына қауіп төндірмей, саналы таңдау жасауына көмектесетін өнімнің "төлқұжаты" болып табылады және бұл кәсіпкерді қажетсіз айыппұлдардан қорғайды. Тәжірибе көрсеткендей, адал өндірушілер барлық талаптарға жауап беретін өнімдерді жасай алады. Расымен де, мониторингке ілінген тауарлардың ішінде толық және дұрыс таңбаланған тауарлар да болды. Бұл міндетті талаптарды орындау – мүмкін ғана емес, сонымен қатар егер мәселеге жауапкершілікпен қараса, салыстырмалы түрде қарапайым екенін білдіреді.

"Бүгінгі заманның тұтынушылары өз уақыты мен ақшасын бағалайды және оның сенімін аақтайтын өнімді таңдайды. Крекерлер, кез келген жеңіл тағамдар сияқты, адамдарды ыңғайлылығымен және қолжетімділігімен тартады. Дегенмен, сыртқы қарапайымдылығы мен тартымдылығының арғы жағында стандарттарға сәйкестігі де болуы керек. Таңбалама кейбіреулер үшін болмашы талап сияқты көрінгенімен, оның маңызды рөлін жоққа шығармайды. Адал өндірушілер таңбалама талаптарын сақтау – тек заң талаптарын сақтау ғана емес, сонымен қатар оның таңдауына назар аударатын сатып алушыға құрмет көрсету екенін түсінеді, бұл сайып келгенде нарықта өнімнің оң беделін қалыптастырып, тұтынушылардың сенімін арттырады", – дейді құқыққорғау сарапшысы Алия Алибекова.

Енді тұтынушылар штрих-кодтарды немесе QR кодтарын сканерлеу үшін мобильді қосымшаларды пайдалана алады, бірақ таңбаламаны классикалық оқу ешқашан жойылған емес. Цифрландыру дәуірінің өзінде бұл әдіс ең сенімді әдістердің бірі болып қала береді. Тағамдық немесе азық-түліктік емес өніммен танысуды таңбаламаны зерттеуден бастау керек. Ол үшін сатып алушының қаптамада нені көрсету керектігін білуі маңызды, төменде сарапшының шағын жадынамасын ұсынамыз:

  • тамақ өнімдерінің атауы мен құрамы;
  • саны (салмағы, көлемі);
  • тамақ өнімдерінің дайындалған күні, жарамдылық мерзімі және сақтау шарттары (кейде қаптаманы ашқаннан кейінгі сақтау шарттары);
  • өндіруші/импорттаушы туралы ақпарат;
  • пайдалану және тағамдық құндылықтар бойынша ұсынымдар мен шектеулер;
  • ГМО-ны қолдану арқылы алынған тамақ өнімдерінде компоненттердің бар-жоғы және Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісі болуы тиіс.

Бұл материалды дайындаған "МОТҚҚҚ" ҚБ өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне жауапкершілік – тұтынушылардың, кәсіпкерлер мен өндірушілердің және азаматтардың құқықтарын қорғауға үлес қосуда негізгі рөл атқаратын құқыққорғаушылардың ортақ міндеті екенін еске салады. Қауіпсіздік талаптарына барлық тараптардың дұрыс көзқарасы Қазақстан нарығында жоғары сапалы және қауіпсіз өнімдерді құруға ықпал етеді.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша Instagram OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/ немесе 87054222739 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2186823-tangbalama-tutynushylarga-qalai-komektesedi-zhane-kasipkerler-neni-bilgeni-mangyzdy/