Мамандар шұжық өнімдерінде не болмауы керегін айтты
Жарияланған күні:
Маңғыстаулық тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамының өкілдері мемлекеттің қолдауымен азық-түлік тауарларының сапасын бақылауға бағытталған ауқымды жобаны жүзеге асыруда. Бұл жоба аясында сауда желілерінен сатылып алынған өнім үлгілеріне зертханалық сынақтар жүргізілуде. Ал сертификатталған ұйымдар импорттық өндірушілер өнімдерінің Кеден одағының техникалық регламентіне қаншалықты сәйкес келетінін тексереді.
Айтпақшы, заңсыз, кейде қауіпті азық-түлік өнімдерінің енуіне тосқауыл қоятын техникалық регламенттер. Егер өндіруші декларацияланбаған жануарлардың ДНҚ-сы бар екенін көрсетпесе, қарапайым тұтынушы оларды өз бетінше анықтауы мүмкін емес – мұны тек зертханада тексеруге болады.
"Кедендік одақтағы сертификаттау өнім сапасының техникалық регламенттерге сәйкестігін растайтын ресми құжат болып табылады. Мұндай сертификатты бермей, біртұтас кеден кеңістігінің аумағында өнімнің сауда айналымы болуы мүмкін емес. Өкінішке қарай, кейбір кәсіпкерлер еліміздің заңнамасын елемей, сертификаты жоқ азық-түлік өнімдерін импорттайды. Негізінде, Кедендік одаққа мүше мемлекеттердің аумағында оларды контрафактілік деп санауға болады", – дейді тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшы Жанна Биятан.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жұмысы аясында "МОТҚҚҚ" ҚБ өкілдері Ақтөбе қаласындағы дүкендердің бірінен пластикалық қаптамадағы салмағы 1,058 келі болатын пісірілген "Сиыр еті қосылған" ет шұжығын сатып алды. Өндіруші – "Дубки" комбинат ЖШС, Ресей. Мамандар өнім сериясының нөмірі көрсетілмегенін бірден байқады. Өндірілген күні: 10.01.2024 және жарамдылық мерзімі: 11.05.2024.
"Қаптамадағы партия нөмірі – өндірушінің материалдың белгілі бір санына немесе партиясына тағайындалған сәйкестендіру коды. Осы нөмірді пайдалана отырып, өндіруші әрбір өнімнің өндіріс процесін бақылай алады, егер ақау анықталса, барлық өндірілген өнімді емес, тек осы партияны алып тастауға мүмкіндік береді", – деп түсіндіреді Жанна Биятан.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқару Медициналық орталығының "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" РМК-ның зертханасында өнім үлгісіне кешенді зерттеу жүргізіліп, Кеден одағының "Тағамдық өнімдердің таңбаламасына қатысты" 022/2011 техникалық регламентіне сәйкестігі тексерілді.
"Таңбалама бойынша барлық талап орындалды. Қаптамада өнімнің атауы, тағамдық өнімнің құрамы, көлемі, дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, өндірушінің, импорттаушының атауы мен орналасқан жері, тағамдық құндылық көрсеткіштері көрсетілген. Өнім мемлекеттік және орыс тілдерінде таңбаланған, ЕАС Бірыңғай таралым белгісі бар. Осының барлығы 2024 жылғы 4 қарашадағы № 1091/503 азық-түлік сынамаларын зерттеу хаттамасында тіркелген", – дейді Жанна Биятан.
Содан кейін үлгі басқа жануарлардың ДНҚ-сы бар-жоғына қатысты сыналған. Зертханада жануарлардың декларацияланбаған ДНҚ-сын оқшаулау және сақтау әдісін қолдана отырып, сынамада доңыз ДНҚ-сы анықталды.
"Өндіруші таңбаламада мұны көрсетпеді. ДНҚ-ның болуы өндіріс процесінің бұзылуын немесе қымбат өнімді арзанға әдейі ауыстыруды көрсетуі мүмкін. Барлық анықталған сәйкессіздік 2024 жылғы 5 қарашадағы №1091/739 жануарлар ДНҚ-сы бойынша тағам өнімдерін зерттеу хаттамасында тіркелді", – деп атап өтті Жанна Биятан.
ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының 25-бабында өндірушінің міндеті – тауардың негізгі тұтынушылық қасиеттері, өнімнің тағамдық және биологиялық құндылығы туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы өнімді пайдалану үшін қарсы көрсетілімдер туралы мәліметтерді көрсету болып табылатыны айтылған.
Бүгінгі күні тамақ өнімдерін өндірушілердің қызметі ҚР "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" кодексінің 203, 425, 415-баптарымен реттеледі. Заң елдің ішкі нарығын сапасыз немесе қауіпті өнімдерден қорғайды.
Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындаған.
Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ таратқан ақпарат жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді.
Естеріңізге сала кетейік, сапасыз және қауіпті азық-түлік өнімдері ҚР МСИ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мемлекеттік тапсырысы аясында тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста жүзеге асырылып жатқан ауқымды жоба барысында анықталған.
Тұтынушы құқығы бұзылған жағдайда тұрғылықты жеріңіз бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне хабарласуға болады, байланыстар ҚР МСИ сайтында (Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің сенім телефоны) жарияланған. Ақтөбе облысы: 8 (7132) 548- 126).
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2187870-mamandar-shuzhyq-onimderinde-ne-bolmauy-keregin-aitty/