Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құқыққорғаушылар сертификаты жоқ азық-түлік өнімдерін анықтады

Жарияланған күні:

Азық-түлік себеті
Көрнекі фото: pixabay.com

"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің қызметі қазақстандық тұтынушылардың заңды мүдделерінің сақталуын бақылауға арналған. Өңірлерде құқыққорғаушылар сертификаты жоқ азық-түлік өнімдерін анықтау жұмыстарын жүргізуде. Жергілікті де, сол сияқты шетелдік өндірушілер де сатып алуды бақылауға жатады.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Тиімді сатып алу: сарапшылар қаймақты қалай таңдау керегін айтты

Бұл жолы тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласының өкілдері Ақтөбе қаласындағы дүкендердің бірінен Қытайда шығарылған "Перцовая паста" өнімін сатып алды. "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" АҚ Ақтөбе филиалында шетелдік өндірушіден алынған сынама Кеден одағының "Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 021/2011 және "Тамақ өнімдерінің таңбаламасына қатысты" 022/2011 техникалық регламенттеріне сәйкестігіне сараптамадан өтті.

Салмағы 210 грамм "Перцевая паста" кешенді зерттеу кезінде өнімдегі улы элементтердің ең аз концентрациясы анықталды. Қорғасын мөлшері – 0,08 мг/кг кем, кадмий – 0,0004 мг/кг кем, мышьяк – 0,015 мг/кг кем. Ал таңбаламасынан сарапшылар көптеген сәйкессіздікті тапты.

"Перцовая паста"
Фото: Биятан Жанна

"Жапсырмасында негізгі таңбалама ақпараты жоқ. Бірыңғай ЕАС айналым белгісі жоқ. Қапталған өнімдердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі таңбаламасы жоқ. Барлық анықталған кемшілік 2024 жылғы 22 қазандағы №1728 сынақ хаттамасына енгізілді. Ақпараттың бір ғана тілде болуы тауар туралы ақпаратты мемлекеттік тілде оқи алмайтын қазақстандық тұтынушының құқығын бұзу болып саналады. "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" заңының талаптарына сәйкес, сатушы немесе өндіруші тауар туралы барлық ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде беруге міндетті. Өнім Кедендік одаққа мүше мемлекеттердің аумағында сертификатталмаған, сондықтан оның ЕАЭО елдерінде сатылу заңдылығына, сапасы мен қауіпсіздігіне ешкім кепілдік бере алмайды", – деп түсіндіреді тұтынушы құқықтары жөніндегі сарапшы Жанна Биятан.

Сарапшылар жеке кәсіпкерлер мен сауда қызметін іске асыратын ұйымдар тауарды шығарған елі, өндіруші, жеткізуші немесе сатушы туралы мәліметтерді немесе тауар туралы қазақ және орыс тілдеріндегі сенімді де жеткілікті ақпаратсыз, тауарды құжатсыз өткізгені үшін жауапкершілікке тартылатынын атап өтеді. ҚР ӘҚБтК-нің 203-бабында айыппұл мөлшері көрсетілген. Шағын кәсіпкерлік субъектілері мемлекет пайдасына 45 АЕК көлемінде қаржылық шығындар жасаса, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін айыппұл мөлшері тиісінше 70 және 150 АЕК аралығында болады.

Құқыққорғаушылар тұтынушы мен оның отбасының денсаулығы мұқияттылық пен құқықтық сауаттылыққа байланысты екенін еске салады. Егер тауарды сатып алған кезде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі таңбаламаны көрмесеңіз, кәсіпкерден осы азық-түлік өнімінің құжаттары мен сертификаттарын сұраудан тартынбаңыз.

"Егер тұтынушы соған қарамастан сапасыз тауарды сатып алса, онда ол тауарды айырбастау немесе қайтару туралы талаппен сатушыға хабарласуға, сондай-ақ тауарды сатып алу салдарынан өзіне келтірілген залалдың орнын толтыруды талап етуге құқылы. Заң бойынша сататын тауарының сапасына сатушы жауапты", - деп баса айтты Жанна Биятан.

Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындаған.

Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді.

Айта кету керек, сапасыз және қауіпті азық-түлік өнімдері ҚР МСИ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мемлекеттік тапсырысы аясында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста жүзеге асырылып жатқан ауқымды жоба барысында анықталады.

Тұтынушылардың құқықтарының бұзылуына тап болсаңыз, тұрғылықты жеріңіз бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне хабарласуыңызға болады, байланыс телефондары ҚР МСИ сайтында (Ақтөбе облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті. Сенім телефоны) : 8 (7132) 548 126 ).

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша Instagram OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/ немесе 87054222739 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2187717-quqyqqorgaushylar-sertifikaty-zhoq-azyq-tulik-onimderin-anyqtady/