jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

ҚМА ресми өкілі Перизат Қайраттың ұсталуына қатысты түсініктеме берді

Перизат Қайрат
Перизат Қайрат. Фото: instagram/01pk

Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов Biz Birgemiz қорының басшысы Перизат Қайрат ісіне қатысты сауалдарға жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлады.

15 қарашада Астанада ALAYAQ.NET форумында журналистер агенттіктің ресми өкілінен қаражат көктемгі су тасқыны кезінде жиналса, қайырымдылық қорын не себепті енді ғана тексергенін сұрады.

"Қылмыстық тексеру саласының мамандары тергеу шараларын бір-екі күнде ғана жүргізе салмайды. Қаржы агенттігі ресми түрде жариялаған мәлімет – бірнеше ай бойы жүргізілген ауқымды жұмыстың нәтижесі. Шынымен, кеше сайтымызда (Перизат Қайраттың ұсталғаны туралы – ред.) ресми ақпарат жарияланған. Одан басқа мәлімет бере алмаймын. Алайда жақын уақытта қоғам мен БАҚ өкілдері осы іске қатысты мәлімет ала алады", - деп жауап берді Әлібек Әбділов.

Агенттіктің ресми өкіліне су тасқыны кезінде халықтан ақша жинаумен айналысқан басқа да блогерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалған-қозғалмағаны жөнінде де сұрақ қойылды.

"Жұмыс атқарылып жатыр. Мемлекет басшысының су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу үшін жиналған қаражаттың қаншалықты дұрыс жұмсалғанын тексеру жөніндегі тапсырмасы бар. Қосымша мәлімет анықталып жатса, оны да хабарлаймыз", - дейді ол.

Бұған қоса, Әлібек Әбділов бұл істің қайырымдылыққа ақша жинауды шектеуге қатысты заң жобасына ешқандай қатысы жоғын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 14 қарашада қайырымдылық қорының құрылтайшысы көктемгі су тасқыны кезінде халықтан жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталғаны мәлім болды. Қаржы агенттігінің мәлімдеуінше, Перизат Қайрат қорға түскен ақшаның бір бөлігін жылжымайтын мүлік пен бағалы заттар сатып алуға жұмсаған.

Автор: Талғат Дүйсенбек

ҚМА ресми өкілі Перизат Қайраттың ұсталуына қатысты түсініктеме берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.