Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда із-түзсіз жоғалған бойжеткен бес күннен бері табылмай жатыр

Жарияланған күні:

Аида
Аида. Фото: Lider.kz

Ақтау қаласының тұрғыны Аида Жиенбай 10 қарашада үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жергілікті lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Lider.kz қозғалысының еріктілері қала тұрғындарын жоғалған бойжеткенді іздестіруде көмектесуге шақырды. Қала полициясы Аиданы іздеуге барлық жеке құрам жұмылдырылғанын хабарлады.

2005 жылы туған Аида 31Б ықшам ауданындағы 14-үйден түнгі сағат бірде шығып, содан бері оралмаған. Оның табылмай жатқанына бес күн болды.

Аида Жиенбайдың ерекше белгілері: орта бойлы, салмағы орташа, II топ мүгедегі. Үстіне сарғылт түсті тор жейде, күлгін түсті бас киім киген. Еріктілердің айтуынша, бойжеткен адасып кеткен болуы мүмкін.

Іздестіру жұмыстарына көмектескісі келетін немесе бойжеткеннің қайда жүргені туралы мәлімет білетін адам болса, мына телефон нөмірлеріне хабарлассын: +7 700 499 72 92 немесе "102".

Материалды аударған: Талғат Дүйсенбек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2187953-aqtauda-iz-tuzsiz-zhogalgan-boizhetken-bes-kunnen-beri-tabylmai-zhatyr/