Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұтынушылар назарына: дәмдеуіштерді қалай таңдау қажет

Жарияланған күні:

Дәмдеуіштер қасықтарға салынған
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандықтардың заңды мүдделерін қорғау жұмысы аясында "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі еліміздің барлық өңірлерінде сертификаты жоқ азық-түлік өнімдерін анықтау бойынша жұмыс жүргізуде. Импорттық тауарлар да, жергілікті өндірушілердің тауарлары да тексеріледі. Бұл туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ хабарлайды.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Тиімді сатып алу: сарапшылар қаймақты қалай таңдау керегін айтты

Бұл жолы тұтынушылар құқығын қорғау саласының өкілдері Ақтөбе қаласындағы дүкендердің бірінен "13 специй" дәмдеуішін сатып алды. Шығу елі – Қытай. Үлгі "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" АҚ Ақтөбе филиалында сараптамадан өтті.

2024 жылдың 22 қазандағы № 1730 сынақ актісіне сәйкес салмағы 45 грамм "13 специй" дәмдеуіштері Кеден одағының "Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 021/2011 және "Тағам өнімдерінің таңбаламасына қатысты" 022/2011 техникалық регламенттеріне сәйкестігіне сыналған. Қаптамада шығарылған күні бар – 06.05.2024, бірақ өндіруші жарамдылық мерзімін көрсетпеген.

Уытты элементтерге сыналған кезде 0,11 мг/кг қорғасын және 0,03 мг/кг кем кадмий концентрациясы анықталды (МемСТ 30178-96 бойынша рұқсат етілген ең жоғарғы норма 5,0 мг/кг артық емес және 0,2 мг/кг-ден аспауы қажет). Үлгіде мышьяк 0,015 мг/кг-нан аз, ал стандарт 3,0 мг/кг аспайды.

"13 специй" дәмдеуішін
Фото: Биятан Жанна

"Таңбалама бөлігінде өндіруші азық-түлік өнімдерінің саны мен шығарылған күнін ғана көрсетті. Бұл ретте тамақ өнімінің атауы, құрамы, жарамдылық мерзімі, өндіруші белгілеген сақтау шарттары, өндірушінің атауы мен орналасқан жері, өндіруші уәкілеттік берген тұлғаның атауы мен орналасқан жері, тауар өндіруші ұйым туралы, импорттаушы, ұсынымдар және (немесе) пайдалану бойынша шектеулер, тағамдық құндылық көрсеткіштері туралы мәліметтер жоқ, Азық-түлік өнімдерінде ГМО пайдалану арқылы алынған компоненттердің бар-жоғы туралы ақпарат және ЕАС Бірыңғай айналым белгісі жоқ. Жалпы, қапталған өнімдердің мемлекеттік және орыс тілдерінде таңбаламасы жоқ", - дейді "Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің өкілі Жанна Биятан.

Бүгінгі таңда тамақ өнімдерін өндірушілердің қызметі ҚР ӘҚБтК-нің 203, 425, 415-баптарымен реттеледі. Заң елдің ішкі нарығын сапасыз және қауіпті өнімдерден қорғайды. Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы тұтынушылардың құқықтарын қорғау – мемлекеттік органдардың ғана міндеті емес, сонымен қатар кәсіпкерлер мен азаматтардың өздері үшін де міндет екенін еске салады.

Анықтама:

Сапалы дәмдеуіштерді қалай таңдауға болады? Ең бастысы, дәмдеуіштердің жаңа немесе бүлінгенін анықтау. Сатып алушы қаптамадағы кесек пен көгеруден сақ болуы керек – мұндай өнімді алмаған дұрыс. Дәмдеуіштер тым құрғақ болмауы керек, ал хош иіс балғын және қарқынды болуы керек. Егер сіз болмашы ғана хош иісті сезсеңіз, бұл дәмдеуіштердің әлдеқашан тозғанын білдіреді. Сонымен қатар, бөтен хош иістендіргіштер, бояғыштар және жасанды қоспалар болмауы үшін құрамына назар аударған жөн, жосықсыз өндірушілер кейде жалған өнімдерді осылай жасырады. Сарапшылар ұнтақтауға да назар аударуды ұсынады. Егер ол тым майда болса, дәмдеуіштерге крахмал немесе ұн қосылған қаупі бар.

Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындаған.

Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді.

Естеріңізге сала кетейік, сапасыз және қауіпті азық-түлік өнімдері ҚР МСИ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мемлекеттік тапсырысы аясында тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста жүзеге асырылып жатқан ауқымды жоба барысында анықталған.

Тұтынушы құқығы бұзылған жағдайда тұрғылықты жеріңіз бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне хабарласуыңызға болады, байланыстар ҚР МСИ сайтында (Ақтөбе облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті. Сенім телефоны: 8 (7132) 548 126).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2187974-tutynushylar-nazaryna-damdeuishterdi-qalai-tangdau-qazhet/